Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді

Жүк тасымалы
09.06.2026, 14:02
Оқуға 2 мин

Қытай тарапының ақпараты бойынша, 2026 жылғы мамырда Достық – Алашаңқай шекаралық өткелі арқылы кең табанды пойыздарды жоспарлы қабылдауды төмендетудің негізгі факторы Алашаңқай станциясы ауданындағы қолайсыз ауа райы жағдайлары болды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Мәселен, жоспар бойынша 1,34 млн тонна болса, факт 1,29 млн тоннаны (- 4%) құрады. Бұл ретте өткен жылдың көрсеткіштеріне 1,8 млн тонна көлемінде 23% - ға өсу байқалады.

Өз кезегінде, ағымдағы жылдың 5 айында ҚР мен ҚХР арасында тасымалдаудың жалпы көлемі 15,5 млн тоннаны құрады (2025 жылға қарағанда +10%).

2026 жылғы мамырда Алашаңқай станциясындапайдаланудың бүкіл кезеңінде алғаш рет бір ай ішінде 20,7 м/с жоғары жылдамдықпен қатты желдің салдарынан төтенше дайындық режимі 14 рет енгізілді. Шектеулердің жалпы ұзақтығы 220 сағаттан астам (9 тәуліктен астам) құрады. Жеті жағдайда шектеулер қатарынан 20 сағаттан астам уақытқа созылды. 

Қытай тарапы пойыздарды қабылдау көлемінің төмендеуі тек ауа райы факторларына байланысты екенін атап өтті. Теміржол әкімшіліктері тарапынан жүйелік немесе техникалық шектеулер тіркелмеген.

«Жаланашкөл» Автоматты метеостанциясының деректері бойынша, өңірдегі желдің ең жоғары жылдамдығы 2026 жылдың сәуірінде 25,5 м/с, мамырда 24,5 м/с жетті.

Көктұма – Достық (Жоңғар қақпасы) учаскесі желдің қатты  соғатын аудандарына жатады. Қуатты ауа ағындары тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен ұйымдастырылуына айтарлықтай әсер етеді, бұл уақытша шектеу шараларын енгізуді талап етеді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды