ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды

Жүк тасымалы
26.08.2026, 10:30
Оқуға 2 мин

2026 жылдың 7 айында ҚТЖ желісі бойынша 8,1 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артық, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Астық экспорты 10% өсіп, 6,2 млн тоннаға жетті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 5% артып, 1,6 млн тоннаны құрады.

Маркетингтік 2025-2026 жылдары (2025 жылғы қыркүйек – 2026 жылғы шілде) теміржол көлігімен 14,2 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық. Негізгі өсім Орталық Азия бағыттарына тиесілі. Өзбекстанға 7 айда 3,1 млн тонна астық жөнелтілді – 47% артық. Ауғанстанға 605 мың тонна тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,5 есе артық.

Тасымалдау Қытай бағытында да өсуде. Достық және Алтынкөл станциялары арқылы 7 айда 449 мың тонна астық жөнелтілді – 22% артық. Бұл ретте астық таситын көліктердегі тасымалдау көлемі 17 есеге – 10 мыңнан 170 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Жылжымалы құрам жеткілікті. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша желіде 15 177 астық тасымалдаушы бар, оның ішінде 6 382 вагон «Астық Транс» АҚ-ның иелігінде. Жабық вагондар паркі 17 066 бірлікті құрайды. 2015 жылдан бастап Қазақстанда меншік иелері 2 578 астық тасушы сатып алды.

Вагондармен жұмыс істеу нарығы 2014 жылдан бастап либерландырылды. Астық тасығыштар жүк жөнелтушілерге операторлармен тікелей шарттар негізінде беріледі және ҚТЖ бұл шарттардың тарабы болып табылмайды. 

Инфрақұрылым да тасымалдау көлемінің өсуіне дайын. 2026 жылы 573 км күрделі жөндеуді қоса алғанда, 1577 км жол жөнделуде. 2025 жылдың қыркүйегінде Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар енгізілді. Жетіген – Алтынкөл учаскесін және Алтынкөл станциясын жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру аяқталып, қытайлық бағыттың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Өткізу қабілетін одан әрі арттыру үшін Тобыл – Қандыағаш, Шалқар – Бейнеу учаскелерін жаңғырту және Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісін салу бойынша жобалар іске асырылуда. Бұл Каспий теңізі мен Орталық Азия елдерінің порттары бағытында пойыздардың өткізілуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Алдағы маусымның басты қауіпі қазан айында астық пен көмір тасымалының бір мезгілдегі шыңы болмақ. Осыған байланысты ҚТЖ жүк жөнелтушілерді алдын ала өтінім беруге, біркелкі жөнелтуді қамтамасыз етуге және маршруттық жөнелтімдерді белсенді пайдалануға шақырады.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды