«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?

Жүк тасымалы
15.09.2026, 09:37
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Гонконгте өткен «Бір белдеу, бір жол» он бірінші саммитінде сауда, инвестиция және көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланды. 2013 жылы Астана қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы алғаш рет Жібек жолының экономикалық белдеуін құру идеясын ұсынған болатын.

Бүгінде бұл бастама дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатыр. Енді физикалық инфрақұрылыммен қатар цифрлық байланыс, трансшекаралық деректер алмасу және өзара үйлесімді цифрлық платформалардың маңызы артып келеді. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, жиынға қатысқан аталған ведомство басшысы Арман Шаккалиев бұл бастаманың Қазақстан үшін тарихи маңызына ерекше тоқталған.  

Саммитте Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне де жіті назар аударылды. Ел теміржол және автомобиль инфрақұрылымын, шекаралық өткізу бекеттерін, логистикалық орталықтарды және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын – Орта дәлізді жүйелі түрде дамытып келеді. Қазір Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы өтетін теміржол жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.  

Қазақстанның мақсаты – транзит көлемін арттырумен ғана шектелмей, жаңа өндірістер мен инвестицияларға, сондай-ақ өңірлік жеткізу тізбектерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін толыққанды экономикалық дәліз құру. Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық буын ретіндегі орнын нығайтып келеді. Ал Гонконг қаржы, инвестиция, басқару және кәсіби сараптама салаларындағы мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Сауда және интеграция министрі жиында Қазақстандағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндап, жаңа бағыттарды қалыптастыру тек транзит көлемін арттырумен шектелмеуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үдеріс өнеркәсіптік кооперацияны дамытумен қатар жүруі тиіс.  

Кездесуде «Қазақстан және Орталық Азия – Қытайдың құрлықтық бөлігі – Гонконг» форматындағы өзіндік үшжақты ынтымақтастықты дамыту ұсынылды. «Қазақстан серіктестікке ашық және бірлескен іс-қимылға дайын. Біздің міндетіміз – Еуразиядағы көлік байланысының артып келе жатқан мүмкіндіктерін жаңа өндірістерге, инвестицияларға және тұрақты сауда байланыстарына айналдыру», – деді министр.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді