Темір жолдың тиімділігін арттыруға септігін тигізетін цифрлық техгологиялар енгізілуде

Цифрландыру
19.10.2021, 09:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгінгі таңда теміржолдың цифрландыру бойынша технологиялық даму қарқыны өте жоғары. Ұлттық компанияда дәуір талабына сай әрі көлік саласындағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде. Сандық технологияның енгізілуі жүк және жолаушылар тасымалының қызмет сапасын арттырып қана қоймай, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарына да жауап береді. Бұл туралы «Рельспен жүретін көліктерге арналған цифрлық шешімдер» атты жуырда өткен семинар барысында айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Жалпы бұл шара Қазақстандағы көлік апталығы шеңберінде ұйымдастырылып, негізінен елімізде алғаш рет Майлытоғай станциясында жаңа CTRL@LOCK 400 микропроцессорлық жүйенің енгізілуіне арналды. Семинарға «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев бастаған теміржолшылар және компания серіктестері – «ЛокоТех-Сигнал», «Транстелеком» АҚ, «ISKRACOM», «Rtel Group» компаниялары, сонымен қатар ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі көлік комитеті өкілдері қатысты. Қазақстандағы Майлытоғай станциясының ЭЦ постын жаңғырту бойынша жүзеге асырылған жоба туралы «ЛокоТех-Сигнал» ААҚ операциялық директоры Владимир Ионов жан-жақты баяндап берді. Жобаны енгізуде Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы мамандарының еңбегі зор екенін атап өтті. Майлытоғайда ЭЦ постын жаңғырту жобасына Италияда жасалған технология қолданылған. Б.Котырев бұл 1520 кеңістігінде жүзеге асырылған бірінші тәжірибе екенін атап өтті. Жалпы Қазақстан теміржолында автоматика, телемеханика және байланыс саласына енгізіліп жатқан цифрлық жүйелер туралы компанияның телемеханика автоматикасы және телекоммуникация департаментінің директоры Алексей Әбдірахманов баяндама жасады. Ал «Rtel Group» компаниясының директоры Ермек Бекенов Жетіген-Алтынкөл телімінде ТЕТRА стандарты бойынша «Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі» жобасының жүзеге асырылуына тоқталды. Инфрақұрылым диагностикасына арналған цифрлық шешімдер туралы «ҚТЖ» компаниясының стратегиялық серіктесі «Транстелеком» АҚ басқарма басшысының орынбасары Мұрат Ахметов сөз қозғады. Семинардың екінші жартысы «Жылжымалы тартым құрамына арналған цифрлық шешімдер» тақырыбында өрбіді. Осы орайда ұлттық компанияның қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов те өз ойын жеткізді.

«Теміржол көлігіндегі цифрлық технологияны дамыту осы саладағы нысандардың жағдайын бақылау мен диагностикалау, оларды пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Ғылыми-техникалық үдерістің негізі қауіпсіздіктен құралған. Ұлттық компания тартымдық жылжымалы құрам үшін де цифрлық шешімдер енгізуде. Бұл сессияда локомотивтердің борттық жүйесі, Қазақстан темір жолы желілерінің өткізгіштік қабілетін арттыру технологиясы туралы сөз болады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ локомотивтері борттық жүйемен жабдықталған, олардың «Автожүргізу» және бейнебақылау жүйесі, катушка диагностикасымен байланысты қосымша функциялары бар», – деді ол.

Ұлттық компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев «Локомотивтердің борттық жүйесін дамытудың негізгі және алдағы кезеңдері» тақырыбында баяндама жасап, толыққанды ақпарат берді. Семинар соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев пен «ЛокоТех-Сигнал» ААҚ операциялық директоры Владимир Ионов «Қазақстан темір жолы» компаниясының CTRL@Vision 100 we жүйесін енгізу бойынша Жол картасы туралы келісімге қол қойды.

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда