Вагон пайдалану деполарын автоматтандыру ісінің қанатқақты жобасы сынақтан өтті

Цифрландыру
24.12.2021, 10:55
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы депосында «Вагон пайдалану депосын автоматтандыру» жобасы пилоттық режимде сынақтан өтті. Бұл жобаның басты міндеті – барлық техникалық процестерді цифрландыру арқылы қағазсыз технологияға көшіру, сол арқылы вагон шаруашылығының жұмыс тиімділігін арттырып, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов, пилоттық сынақтар «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Цифрлық трансформация» бағдарламасы, яғни теміржол жүк тасымалын трансформациялауға бағытталған ТОП-30 бастамасын және «Үлгілі вагон депосы» жобасы бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде өткенін айтады. Жоба аясында вагон қараушылар сыртынан қарағанда смартфондарға ұқсайтын, арнайы мобильді терминалдар арқылы жылжымалы құрамды тексеру кезінде анықтаған ақауларды камерамен тіркейді. Бұдан әрі ақпарат жөндеуге келісім беру, ақаулық тізімдемесін бекіту үшін вагондардың меншік иесіне жіберіледі. Бұл процестердің барлығы онлайн режимінде жүзеге аспақ. Барлық тексеру деректер базасына келіп түседі және онда вагондарды жөндеу мәліметтері де сақталады. Вагон операторы web-портал арқылы ауысым мен тәуліктегі вагон депосының қызметі бойынша есеп-қисапты қалыптастырады.

«Барлық үдерістер ашық та айқын болғандықтан, оларды вагон иелері дұрыс қабылдайтын болады», – дейді Қанат Көбесов.

Оңтүстік астанада жүргізілген сынақ барысында мобильдік қосымшаға 16 пойыз, 512 вагонның тексеруден өткені туралы деректер жүктеліп, 6 ақаудың анықталғаны тіркелген және вагонның техникалық ақаулық жағдайын куәландыратын ВУ-23 алты электрондық формасы жасалған. Сондай-ақ, мобильді терминалдар арқылы сөйлесу функциясы рация қағидасы бойынша тестілеуден өткен. Қызметкерлер бұл байланыс әдісі ыңғайлы және тиімді екенін айтып отыр.

«Жаңа технологияны енгізу Алматы депосы бойынша жылына бір ғана қағаз хабарламаларды басып шығаруға кететін шамамен 15 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл тікелей және айқын шығындар ғана. Үнемге сонымен қатар вагондарды тексеру уақытын үнемдеу, ақаулардың алдын алу, жұмысқа талдау жасау және басқа да технологиялық артықшылықтар кіреді. Алдын ала жасалған деректер, жалпы барлық вагон пайдалану деполары бойынша үнемдеу жылына 220 млн теңгені құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш өсуі де мүмкін. Сондықтан болашақта вагон шаруашылығының барлық нысанын электрондық нұсқаға көшіру жоспарда бар», – дейді бас директордың орынбасары.

Қысқы ауа-райы жағдайында жобаны сынау астаналық вагон пайдалану депосында пилоттық режимде жүзеге аспақ. Бұдан кейін елдің барлық вагон деполарындағы процестер автоматтандырылады. Ұйымдастырушылар мұндай тәсіл барлық вагон операторларын Бірыңғай басқару орталығына біріктіретініне және жылжымалы құрамға қызмет көрсету сапасын жақсартатынына сенімді.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды