Цифрландыру жүйесі жемқорлықты жоя ма?

Цифрландыру
15.02.2022, 17:50
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан темір жолында «Цифрлы темір жол» бағдарламасы жасалғаны мәлім. Мамандар адами факторды жоятын цифрландыру жобаларының жемқорлықты жоюда маңызы зор дейді.

  «Цифрлы темір жол» бағдарламасы компанияның жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым және көліктік логистика секілді маңызды қызмет көрсету сегменттеріне жаңа технологияларды енгізу мен бизнес-модельді цифрландыруды қарастырады. Компания осы бағдарламада қарастырылған жобалардың барлығын іске асырса, ҚТЖ рентабельділігін арттырып қана қоймайды, жең ұшынан жалғасатын адам факторынан тыс сандық жүйе жемқорлыққа жол бермейді деген пікірде мамандар.

Сонымен қатар, көліктік-логистикалық кешенді цифрландыру тасымалды ұйымдастыру процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, тиімділікті арттырады және операциялық шығындарды азайтады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ комплаенс-қызмет жетекшісі Ирина Капанованың айтуынша, компанияда цифрландыру мен автоматтандыру тек жо- лаушылар тасымалында ғана емес, сонымен қатар жүк тасымалы қызметін көрсетуде де жүргізілуде.

– Жүк вагондарын басқару процесі қағазсыз технологияға ауыстырылды. Атап айтқанда, (АСУ ДКР) келісімшарттық және коммерциялық жұмыстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдап алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыс сапасы және тиімділігін арттыруға бағытталған. Себебі ол тасымалды жоспарлау, тасымал құжаттарын ресімдеу, жүк тасымалы үшін төлем, электронды алдын ала ақпараттандыруды автоматтандыруды, шекара маңы мемлекеттерінің ақпараттық теміржол жүйесіндегі өзара іс-қимылды толықтай өзі жасайды. Бүгінгі таңда ішкі республикалық қатынастағы қағазсыз технология бойынша электронды тасымал құжаттарын ресімдеу 100 пайызды құрайды, – дейді И.Капанова.

Вагондарды диспетчерлеу және басқару жүйесін енгізу шеңберінде, соның ішінде жүк тасымалында ІТ-құралдарды қолдану арқылы «СТЖ-Комплекс» автоматтанды- рылған басқару жүйесін жалдау бойынша келісімшарт жасалды. Бұл жүйе мынадай процестерді басқаруға мүмкіндік береді: клиенттер және агенттермен жүк тасымалы бойынша келісімшарт жүргізу және есебі, клиенттер бойынша вагондардың қайда жүргенін қадағалау, вагон паркін бақылау, вагондар қозғалысы бойынша интерактивті картаның болу есебімен рейс жасау, вагон парктері жұмысының тиімділігін талдау, вагондардың тұрып қалу есебі, вагондарды жөндеу, жаңғырту, есептеу, қойма қорын басқару.

Сонымен қатар вагон беру туралы шешім қабылдау кезінде жемқорлық белгілерінің болмауына бағытталған, вагондарды нақты бір мекенжай бойынша ресімдеу туралы пилоттық нұсқалар жүзеге асырылды. «Қазтеміртранс» АҚ вагондарын өз бетінше беру фактілерін болдырмау мақсатында ККЖ АБЖ-ге (АСУ ДКР) станцияішілік тасымалды электронды ресімдеу тетігі енгізілді.

Сонымен қатар салалық министрлік пен ведомствоға кіреберіс жолдардың жанасуы және жобалық құжаттарды келісу бойынша техникалық шартты беру процесін автоматтандыру бойынша ұсыныстар жолданды. Оған қоса ККЖ АБЖ-де вагондарды беру-жинау бойынша қызметтер көрсетуде қағазсыз технологиялар қолдану мүмкіндігіне қатысты жүк тасымалы Ережесіне енгізетін өзгерістер жолданды. Бұл өзгерістерді ҚР ИИДМ мақұлдады.

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті