Қағазсыз технология – айқындық пен сенімділік кепілі

Цифрландыру
24.06.2019, 09:50

Маңғыстау жүк тасымалы жол бөлімшесі осы жылдың сәуір айынан бастап қағазсыз технологиямен жұмыс істеуге көшті. Атап айтқанда, жүк тасымалын қағазсыз рәсімдеу операциялары жүк жөнелтілетін және келетін станцияларда «Келісімшартты және коммерциялық жұмыстар» автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ ДКР) арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны қолдану жолымен орындалады. 

Осы операцияларды орындайтын маман, АСУ ДКР бойынша жетекші инженер Әйгерім Бейсенованың айтуынша, қажырлы еңбекті қажет ететін аталған жүйені енгізу 2016 жылы басталды. Техникалық мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін табуы қағазсыз технологияға толықтай көшуді қамтамасыз етті. Осы мақсатта Тасымалдаушы мен клиенттер арасында электронды тасымал құжатын рәсімдеу барысында қағазсыз технологияны қолдану туралы келісімшарт жасалады.

Клиенттің АСУ ДКР жүйесіне қосылуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ақпараттық жүйелер бойынша тіркеуге рәсімделген өтінім негізінде жүзеге асырылады. ЭТҚ, яғни электронды тасымал құжатын рәсімдеу тәулік бойына жүргізіледі. Сонымен қатар клиенттер үшін керекті кеңестерді телефон арқылы алу мүмкіндігі бар. Жалпы, қағазсыз технология – ашықтық пен сенімділік кепілі, – дейді жетекші инженер.

Әйгерім қағазсыз технологияны енгізу есебімен бизнес процестердің ашықтығы мен айқындылығы маңызды фактор болса, жүк тасымалымен байланысты операциялық шығындарды, қызметтердің электронды төлемін азайту мен тиімділігін арттыру қамтамасыз етіліп жатқанын айтады.

Сондай-ақ бұл жүйемен қағазсыз рәсімдеу әзірге тек республика ішінде жүзеге асырылуда. Экспорттық, импорттық жүктер әлі де қағаз арқылы рәсімделуде. АСУ ДКР бойынша ақпараттық қызмет алуға келісімшартқа тұрған жүк жөнелтуші кәсіпкерлер интернеттен сайтқа өз логин, парольдерімен кіріп, толықтай барлық рәсімдеу операцияларын өздері жасай береді. Олар жүгінің көлемін, уақытын, жөнелтілетін және қабылданатын станция атауларын, тағы да басқа сұралған деректерді жазып, электронды түрде ГУ-12 өтінімін береді. Тарифті таксировкалау арқылы төлемақысын да шамамен өздері есептеп, интернет арқылы төлем жасай береді. Бұрын соның бәрін жасау үшін клиенттер теміржол бөлімшесінің әкімшілігіне келіп табан тоздыратын, ұзынсонар кезек күтіп, одан кассирлер әр клиенттің құжаттарын рәсімдеп, көп уақыт алатын. Ал бүгін әр минут алтыннан қымбат заманда жаңа жүйе екі жақ үшін де өте тиімді болып отыр. Тек соңында ғана клиент бөлімшеге келіп, бір жапырақ қағаз – вагон парағын алып кетеді. Бұл да бұрынғы жүйемен бірнеше бет болып, клиенттердің қолы қағаз толтырудан босамайтын.

Жаңа жүйе енгізіле бастағанда елордадан бағдарламаны жасап өндіріске енгізгендер келіп, Әйгерім секілді мамандарды оқытып, қолдануды үйреткен. Бұл жаңашылдықты меңгеру оған аса қиын болған жоқ. 2011 жылы Маңғыстау стан- циясында қызметін жүк қабылдап-жөнелтуші болып бастаған, «Тасымалды ұйымдастыру» саласы бойынша жоғары білімді маман 2015 жылы тауар кассирі болып ауысыпты. Кәсібіне адал, қабілетті жас маманға басшылық жаңа жүйемен жұмыс жасауды сеніп тапсырған екен.

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті