Ақпараттық технология өңірдегі теміржолшылардың жұмысын жеңілдетті

Цифрландыру
11.08.2021, 09:29
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол – қашанда бір орында тұрып қалмайтын, компанияның салалық бағдарламалары арқасында үнемі жаңару мен жақсаруды көріп келе жатқан сала. Атырау бөлімшесі де ол тың бастамалардан кенже қалмауға тырысуда. Бүгінде темір жолға жаңа технологиялар енгізілуде, инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Президент Жолдауына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» АҚ әзірлеген «Цифрлық теміржол» стратегиясы Компанияның бизнес моделін цифрландыруды және барлық негізгі операциялық сегменттерге жаңа технологияларды енгізуді қарастырады: жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым және көліктік логистика, АТ дамыту және басқару үшін үздік әлемдік стандарттар мен практиканы қолданады. Қазіргі сәтте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ клиенттердің клиентке бағдарлануын жақсарту, тұтынушылармен өзара әрекеттесудің сапалы жаңа деңгейіне жету үшін автоматтандырылған басқару жүй- есін пайдаланады, олар «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ ДКК) және АСУ ДКР жүйесі құжаттарды ресімдеуді азайтуға, тауарларды жіберу және тасымалдау процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Атырау ЖТ бөлімшесінде» 16 станция АСУ ДКР жүйесіне қосылған. Цифрландыру бойынша басқа да көптеген жұмыстар жүргізілуде. Айталық, Электр энергиясын және дизельді отынды тұтынуды есепке алу, бақылау және талдауда бизнес процестерді кешенді автоматтандыру үшін локомотивтер «Энергиямен жабдықтау пакеті» автоматтандырылған басқару жүйесін (АСУ ЭДТ) пайдаланады. Пойыздың жұмысын жедел басқару және басқару аймақтарындағы жедел жағдайды көрсету үшін, жекелеген бағыттар және тұтастай алғанда орындалған пойыздар қозғалысы кестесінің автоматтандырылған (ГИД Урал) жүйесі де енгізілуде. «ҚТЖ» АҚ бойынша «ГИД Урал» жүйесіне 7 станция мен 70 абонент қосылған. Атырау-Исатай диспетчерлік телімінде пойыз қозғалысын қағазсыз жоспарлау технологиясы енгізілуде. Электрондық құжат айналымы, сондай-ақ, SAP жүйесі де солай. Бұлар басқа құрылымдық бірліктермен байланысты айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ, Мақат-Сағыз учаскесінде АСДЦ «Ақтөбе» атты автоматтандырылған жаңа диспетчерлік орталығы іске қосылуда. Маңғышлақ-Бейнеу-Оазис-Мақат-Атырау-Ақсарай учаскелерінде ұзындығы 1196 шақырымды құрайтын диспетчерлік орталықтандыру қондырғысы түбегейлі жаңартылды. Мұнда да байланыс бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып, еңбек үдерісінің үдеуіне жағымды ықпал етуде. Байланыс және белгі беру дистанцияларында байланыспен қамтамасыз ету жағына аса көңіл бөліп, ескі байланыс құрылғыларын жаңа үлгідегі, озық технология талаптарына сай жүргізуге көшті. Сондай-ақ, талшықты-оптикалық байланыс желісі (ВОЛС) кабелі жүргізіліп, байланыс айтарлықтай жақсарды. Ақпарат беру жеделділігі әлдеқайда артты, әсіресе, мәліметтер беру желісі арқылы. Сондай-ақ, барлық аймақ бойынша DX-500 арқылы телефон байланысы орнатылды. Ол арқылы халықаралық сөйлесулер комутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз мүмкін болды, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін. Электр дистанциясы бойынша Аққыстау станциясында жаңа подстанция салынды. Бүгінде технологиялық үрдістердің дамуына сәйкес, бөлімшеде станциялардың жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Ресейдің Астрахань қаласымен шектесетін Ақсарай-2 мемлекетаралық түйіспе пунктінде Қазақстан бойынша экспедиторлардан транзиттік төлемдерді уақытылы алу мақсатында жүк кассирлері мен пойыз қабылдаушыларға арнап автоматтандырылған қосымша жұмыс орындары өз қызметін бастады. Бұл шекарада еңбек ететін қазақстандық теміржолшылар үшін жүйелі жұмыс тәсілі болып табылады. Сондай-ақ, Бәйтерек және Бек-бике станциялары бойынша да пойыздар және вагондармен атқарылған жұмыстардың мәліметтерін ақпа- раттық жүйеге мерзімінде өткізу мақсатында станция кезекшісіне арнап қосымша автоматтандырылған жұмыс орындары қамтамасыз етілді. Бұрын қанша вагонның келіп кеткені, станция жұмысына қатысты басқа да мәселелер телефон байланысы арқылы айтылса, енді барлық ақпарат автоматты түрде компьютерде көрініп тұрады. Яғни, аталған станцияларда ГИД Урал жүйесі орнатылып, пойыздар қозғалысы, жұмысты жоспарлау және вагондарды өңдеу туралы жедел ақпарат беруге мүмкіндік ашылды. Ақжайық станциясында да АСУ-Узел жүйесі енгізіліп, ол вагондар мен пойыздар жұмысын ұйымдастыруды, жүкті түсіру не тиеу бойынша ақпаратты жеделдетуге мүмкіндік берді. Ал, Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалды. Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай қолға алынған жобалардың бірі – Батыс өңірдегі «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасы. Орталығы Ақтөбе қаласында және ол Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктірді. Бұрын пойыздар қозғалысын басқару, жолдардағы бағдаршамдарды реттеу, бұрмаларды ауыстыру, жолдардың бос болу-болмауын қадағалау сынды жұмыстар өңірлердегі пойыз диспетчерлерімен жүзеге асырылып келген болатын. Ал, жаңа жүйе бойынша станцияларда микропроцессорлық диспетчерлік орталық (МПДО) қондырылып, ол пойыздар қозғалысын автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған бес облыстағы пойыздар қозғалысы бір орталықтан басқарылып отыр.

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді