Атыраудағы жолдардың 60 пайызы темірбетон шпалдарға ауыстырылған

Инфрақұрылым
18.03.2022, 09:46
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірісті аймақта орналасқандықтан мұнда жұмыс көлемі де жоғары. Соған сәйкес, жол табаны да тез тозады. Бүгінде өңір темір жолдарының 60 пайызы темірбетон шпалдарға ауыстырылып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі артқан.

– Бөлімшеде жол қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға айрықша мән беріліп отыр. Исатай-Ақсарай учаскесінің Ганюшкино-рзд. №7- де бөлек пункт ашылғалы бері телімде тәулігіне 24-тен 28 жұпқа дейін пойыз өткізу қабілетіне жетті. Атыраудың мұнайлы аймақ болуына байланысты мұнай және мұнай өнімдерін жіберушілер негізінен «Теңізшевройл», «Ба- тыстрансгрупп», «Парк хранения сжиженного газа», «Тенгизская Транспортная Компания» сынды компаниялар. Сондай-ақ өлкедегі Қарабатан елді мекенінде газ өңдейтін үлкен зауыт құрылысы салынып жатқандығына орай, көптеген мекемелермен, соның ішінде «АМӨЗ» ЖШС, «Теміржол Құрылыс Атырау» сынды кәсіп- орындарда вагондарды эстакадаға жеткізу үшін жолдарды ұзарту бағытында ұсыныстар енгізіліп, іске асуда. Жүк тасымалы өткен 2 айда 100 пайызға орындалды.

– Бөлімшеде өткен жылдың қорытындысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық орын алған жоқ. Әрине, ең бірінші жол сапасы- на басымдық беріледі. Қазіргі уақытта жолдың балдық көрсеткіш жоспары 70 балл болса, орындалуы 55 балды құрады, яғни жол күтімі 15 балдық көрсеткішке жақсартылды. Бөлімше бойынша былтырғы жылы 55,53 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілді. Мұндағы жол аралықтарының ескі темір жолы түгел алынып, орнына жаңа темірбетонды шпалдармен, түйіспесіз жолдар салынды. Бұл дегеніміз болтқа, қапсырмаға, ағаш шпалдарға деген шығынды азайтады. Қазірде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60 км/сағ – 120 км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50 км/сағаттан 100 км/сағатқа артты, – дейді бас инженер Б.Картан.

– Өткен жылдары Атырау – Мақат аралығында 24,7 км, Исатай – Д.Нұрпейісова аралығында 24,3 км жол жаңа материалдармен күрделі жөндеуден өтіп, сол арқылы учаскелерде жүк қозғалысының жылдамдығы 70-тен 90 км/сағатқа, жолаушы пойызы қозғалысының жылдамдығы 80- нен 100 км/сағатқа артты. Жүк айналымы көлемін 5 пайызға өсіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру, электр энергиясын үнемдеу, қозғалыс құрамын тиімді пайдалану, пойыздардың салмағы мен ұзындығын арттыру арқылы локомотив-сағаттарды қысқарту, жол шаруашылығында озық механизмдерді пайдалану сынды жұмыстар табысты жүргізіліп келеді. Бірақ, тепловоздарды шұғыл тежеу мен мал басу саны азаймай отыр, өйткені темір жол бойында иесіз жүрген мал көп. Бөлімше бойынша өткен жылы 100-ге жуық мал басу оқиғасы, ал локомотивті шұғыл тежеудің екі жүзден астам жағдайы тіркелген. 2021 жылы қараусыз малдың теміржолға шығып кетпеуі үшін Атырау және Құлсары жол дистанциялары 100 шақырым көлемінде қоршау салып, ол жұмыс желтоқсан айына дейін жалғасты. Бұл бағыттағы жұмыстар, жалпы жол табанын сауықтыру биыл да жалғасатын болады.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты