Атырау-Астрахан автожолының құрылысына қиыршық тас жеткізу мәселесі пысықталды

Инфрақұрылым
26.04.2022, 09:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Атырау қаласында құрылыс материалдарын жаз маусымында теміржолмен тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz

Бұл өңірде халықаралық Атырау-Астрахань тас жолының қайта жаңартудан өтіп жатқанына екі жылдың жүзі болып қалды. Биыл тағы жалғасатын жол жұмысына қажетті қиыршық тас теміржол көлігімен тасымалданбақ.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, әкімшілік өкілдері, сондай-ақ, Батыс өңірінің жүк жөнелтушілері мен жүк алушылары қатысқан жиында белгілі болды.

Жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ инертті жүктерді тасымалдауды ерекше бақылауда ұстап отырғаны сөз болды. 2022 жылғы наурызда еліміздің магистралі арқылы 1 млн тонна құрылыс жүгі тасымалданып, оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 20%-ға асып түскен. Құрылыс материалдарын тиеу құрылымындағы негізгі үлесті қиыршық тас алып отыр. Жалпы, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында құрылыс жүктерін тиеу 4%-ға, яғни 2,3 млн тоннаға дейін өскен. Құрылыс материалдарының негізгі көлемі елдің ішкі нарығының тұтынушыларына тиесілі болып отыр.

Кеңесте қиыршық тастың жоспарланған көлемінің тасымалын орындау, «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін ұтымды пайдалану, жүктерді тасымалдаудың технологиялық және техникалық процестері сияқты мәселелер талқыланды.

Кеңеске қатысушылар мұндай форматтағы кездесулер өзекті мәселелерді жедел шешуге көмектесетінін атап өтті. Олар құрылыс жүктерін тиімді тасымалдауға дайын екендіктерін білдірді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті