Елордада машина жасаушылардың халықаралық көрмесі өтеді

Инфрақұрылым
23.08.2022, 09:38
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Қазақстан машина жасаушыларының мерейтойлық X форумы аясында «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2022» халықаралық мамандандырылған көрмесі 21-23 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша өткізілетін үш күндік көрмеге теміржол саласында техника өндіретін кәсіпорындар да қатысады. Форумның пленарлық отырыстары Қазақстан экономикасының дамуындағы машина жасаудың рөліне арналады. Форум өнеркәсіптік саясат туралы қабылданған Заңды ескере отырып, машина жасауды дамытудың 2019- 2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру, машина жасау саласының мамандарын даярлау, «Самұрық-Қазына» қорының машина жасау өнімдерін шығаратын отандық өндірушілерді ынталандырудағы рөліне арналған секциялық отырыстардан тұрады.  

Kazakhstan Machinery Fair – бұл Қазақстандағы жетекші салалық көрме және машина жасау мамандары, үкімет өкілдері және әртүрлі бизнес қауымдастықтардың кездесу орны. Көрмеде қазақстандық және халықаралық компаниялар машина жасау саласындағы жаңа жабдықтар мен технологияларды, оның ішінде, станоктарды, дәнекерлеу жабдықтарын, робототехниканы, аддитивтік технологияларды және т.б. көрсетеді.  

Былтырғы форум Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен болатын. Бір айта кетерлігі, қазіргі таңда теміржолдың машина жасау саласында 100-ден астам кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Сол кәсіпорындардың бірқатары биылғы форумда да бой көрсететін болады.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?