«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 7 мобильді диагностикалық кешенді қолдана отырып, 2022 жылы 450 мың шақырымнан астам темір жолы тексерілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мобильді диагностикалық кешендер теміржол инфрақұрылымы объектілерінің техникалық жай-күйін кешенді тексеруге және бағалауға арналған. Олардың көмегімен жолды ұстап тұру нормаларынан ауытқулар және рельстердегі ақаулы орындар уақтылы анықталады. Нәтижелер жол инфрақұрылымын жөндеу және қызмет көрсету бойынша жедел шешімдер қабылдау үшін компанияның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

Сондай-ақ, диагностикалық құралдардан басқа, жол дистанциясының қызметкерлері жолдар мен құрылыстарды комиссиялық тексеруді кезен кезеңімен өткізеді.