Жаңатас телімі жаңғыртуды қажет етеді

Инфрақұрылым
10.02.2023, 09:30
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл бөлімшесіне қарасты Жамбыл-Қаратау-Жаңатас телімі кен орындарын игеру мақсатында 1954 жылы іске қосылған. Жетпіс жылға жуық уақыт бұрын пайдалануға берілген жолдың ұзындығы 175 км құрайды. Соңғы ширек ғасырда не ағымдағы, не күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Бүгінде еліміздегі ірі химия кәсіпорындары – «Қазфосфат» және «ЕвроХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері осы телімде жүк тасымалының 60 пайызын қамтамасыз етуде. «Қазфосфат» ЖШС жиырмадан астам өнім шығарып, оны ТМД елдеріне, қала берді Еуропа мемлекеттеріне, Қытай, Үндістан, Латын Америкасы мен Құрама штаттарына экспорттап, ішкі нарықты да қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыш» зауыты өндірістің екінші кезеңін іске қосқанын ескерсек, онда жүк айналымының еселенетіні тағы анық.  

Жүк тасымалының негізгі бөлігін қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания өкілдері жолдың тозығы жеткенін айтады. Өйткені мұнда жылдамдықты 40 шақырымнан асыру мүмкін емес көрінеді. Яғни жылдамдық төмендеген сайын компания шығын көруде. Бүкіл құрамды жетелейтін тепловоздарға жанар-жағармай көп кететіні тағы белгілі. Ал Қазфосфат өткен жылы 830 мың тонна жүк артса, ол көлем жыл сайын еселеп артып келеді екен. Фосфор шикізатына деген сұраныс та жыл сайын артып отыр. Күкірт қышқылы мен аммиакқа деген сұраныс та өсуде. Бұдан бөлек Сарысу ауданында «ЕвроХим» компаниясы жаңа минералды тыңайтқыш зауыты құрылысын жүргізуде. Бұл да жүк көлемін арттырады. Қазір мамандар алдағы жылдары бұл телімнен ай сайын кемі 25-40 жүк пойызы жүретінін болжап отыр. Сондықтан бүгінгі күні телімді жөндеу жұмыстары кезек күттірмейді деседі мамандар. Сонымен қатар бүгінде осы жолмен Жамбыл-Қаратау арасында қала маңы тасымалы қатынап отырғанын да ескерген жөн.  

Осы телім бойына қарау, қадағалау жұмыстарын жүргізіп отырған Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Жамбыл жол дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиевке жолығып, мәселені біліп едік.  

– Аталған телім бойында жөндеу жұмыстары сатылай жүзеге асып отыр. Бүгінгі күні Жамбыл-Қаратау арасындағы жылдамдық сағатына 60 шақырымға көтерілді, себебі өткен жылы күшейтілген орташа жөндеу жұмысы жүргізілген. Қаратау -Жаңатас аралығында, атап айтқанда Шабақты-Табақбұлақ арасындағы 124-144 км аралығындағы 20 шақырымда да сауықтыру жұмыстары жоспарланған. Жамбыл мен Жаңатас аралығындағы Бурыл, Шайқорық, Аса, Жұма, Тамды, Қаратау, Ақтаутас, Табақбұлақ, Шабақты, Бугунь станциялары аралығындағы жолдар да кезең-кезеңмен сатылай жөндеуден өтеді. Әрине жоғарыдағы ірі компаниялардың жүк айналымын көтеруі – ұлттық компания үшін кіріс көзі. Сондықтан телімде жылдамдықты көтеру үшін ұлттық компания тарапынан алдағы жылдары стратегиялық жұмыс жоспары бекітіледі деп күтілуде, – дейді Жүнісбек Табулдиев.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды