Теміржолсу мекемесі өндіріс ауқымын әртараптандыруда

Инфрақұрылым
21.02.2023, 10:27
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің магистральдық темір жолы бойында орналасқан шалғайдағы разъездер мен станцияларды сумен, жылумен қамтамасыз етіп отырған «Теміржолсу» АҚ мамандандырылған мекемесі өткен жылы өз қызметінде өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізіп, жалпы кірісті 4% арттырды.

Атап өту керек, Теміржолсу мекемесі соңғы кезде өндіріс ауқымын кеңітіп, әртараптандыруда. Жылу мен судан бөлек түрлі деңгейде құрылыс нысандарын жөндеу мен әрлеу жұмыстарын да атқаруда. Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қарасты теміржол кәсіпорындарының ғимараттары мен жасанды құрылыстарына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Достық станциясында су және жылумен жабдықтау саласында тұрақты қызмет көрсету үшін 1970-1990 жылдар аралығында салынып, апатты жағдайда тұрған ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын жылу және су құбыры желілерін ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Ауқымды жұмыстардың жүзеге асырылуы нәтижесінде кварталішілік жылу желілерінің жалпы жағдайын айтарлықтай жақсартып, 78 үйге жылудың тасымалын қамтамасыз етті. Биылғы маусымда жылу жүйелері ақаусыз жұмыс істеп тұр.  

Сонымен қатар 111 вокзалда жылу жүйелеріне ревизия жүргізіліп, оларды шаю және қысыммен тексеру жұмыстары атқарылды. Ал 21 вокзалда жалпы ұзындығы 117,4 шақырымнан астам инженерлік желілерді ішінара ауыстыру мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағадыр станциясындағы санитарлық-гигиеналық бөлмеге жөндеу жүргізіліп, қалпына келтірілді.  

Сонымен қатар Жүк тасымалына қарасты 64 нысанда, яғни Қазақстан бойынша 300-ден астам үй-жайға (душ, асхана, жылыту бөлмелері, жуынатын бөлмелер, киім ауыстыратын бөлмелер және т.б.) ағымдық, атап айтқанда ішкі және қасбеттерді әрлеу, сантехникалық құрылғыларды, терезелерді, есіктерді, төбе жабындарын және еденді ауыстыру, сылақ және сырлау, ішкі және сыртқы инженерлік желілердің жылу жүйелерін жөндеу, қазандық құбырларын, электр құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының шешімімен орын алған төтенше жағдайды қалпына келтіру шаралары аясында Екібастұз қаласына да көмек көрсетілді. 15 бригаданың күшімен жалпы ұзындығы 2,4 шақырым болатын қалалық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйде су және жылу желілері толығымен қалпына келтіріліп, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен Магистральдық желі дирекциясының балансындағы 15 нысанда жалпы ұзындығы 7,4 шақырымды құрайтын жылу желілері толық қалпына келтірілді.  

«Теміржолсу» АҚ кәсіпорын бюджетіне қосымша кірістер тарту жұмыстарын биыл да жалғастырмақ. Биыл әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуды қамтамасыз ету шеңберінде Магистральдық желі дирекциясы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның өндірістік және әкімшілік ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар 143 қазандық пен 111 вокзалдың жылу жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге калькуляция жасау жұмыстары жүргізілуде екен.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды