Қазақстан мен Ресей шекарадағы теміржол инфрақұрылымдарын бірге дамытпақ

Инфрақұрылым
24.04.2023, 12:52
Оқуға 2 мин

Мәскеуде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Ресей Федерациясының Көлік министрі Виталий Савельевтің төрағалығымен Қазақстан-Ресей ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының көлік саласы бойынша кіші комиссиясының XVII отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Отырыста екі елдің көлік саласындағы әріптестігінің негізгі бағыттары, оның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің логистикалық әлеуетін іске асыруға қатысты бірлескен жоспарлар қаралды.

Сондай-ақ екіжақты байланысты кешенді дамыту бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілді. Оның ішінде, көлік жөніндегі кіші комиссияның мәртебесін аталған елдердің көлік саласына жауапты ведомство министрлерінің деңгейіне дейін көтеріп, сонымен қоса екі мемлекеттің Үкіметтері арасында Қазақстан мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекаралары арқылы көлік, көлік инфрақұрылымын және өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара әріптестікті ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы қамтылды.

Алқалы жиынның қорытындысы бойынша хаттамаға және Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекараларындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына (Жол карталары) қол қойылды.

Жол карталарын іске асырудың нәтижесінде екіжақты жүк айналымы мен жолаушылар ағыны ұлғайтылып, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетінің одан әрі үдемелі дамуын қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен өткізілген кездесуде геология саласындағы іскерлік қарым-қатынасты орнату жолдары қаузалды.

Бұдан бөлек сапар барысында ҚР ИИДМ басшысы Қазақстан мен Ресейдің бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, оның барысында бірлескен кооперациялық жобалардың қазіргі жағдайы, сондай-ақ ынтымақтастық перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды.

 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты