Биыл мың шақырым жол сауықтырылады

Инфрақұрылым
18.05.2023, 19:13
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарының көлемін арттыруға басымдық беріп отыр. Айталық, биыл 1,1 мың шақырымнан астам жолды сауықтыру жоспарға енгізілген.

Қазіргі таңда ауқымды жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы өңірлерінде жүріп жатыр. Мәселен, Астана маңындағы Аршалы – Бабатай телімінде рельс тіректерін тұтастай алмастыру, бағыттағыш бұрмаларды ауыстыру шаруалары атқарылуда. Ал кешенді жөндеу жұмыстары Мойынты – Қарағанды – Астана телімінде өткізілуде. Бұл жерде жөндеудің тереңдетілген түрі, яғни ластанып кеткен балласты тереңнен тазарту, ескі темірбетонды шпалдарды ауыстыру, рельс иіндерінің тұтастығын қалпына келтіру сынды тағысын тағы жұмыстар жүргізілуде екен.  

– Биыл біз бір мыңнан астам шақырымды сауықтырып, 108 мың шпалды темірбетонды негізге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ алты жүзден астам бағыттағыш бұрманы алмастырмақпыз, – дейді Ербол Сәулебеков.  

Күрделі және күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары оңтүстік өңірлерде көктемнің алғашқы айында-ақ басталады. Биылғы жұмыс Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде мәресіне жетіп те үлгерген.  

Жазғы жоспарлы жол жөндеу жұмыстары пойыздар жылдамдығын уақытша шектеуге мәжбүр етуде, ал бұл өз кезегінде жолаушы және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталуына кері әсер етуде. Ұлттық компания мамандары алдағы уақытта пойыздар кідірісі Астана – Алматы, Алматы – Петропавловск, Шымкент – Астана, Жезқазған – Алматы және Алматы – Орал бағыттарында болуы ықтимал екенін жеткізді.  

Осыған орай Компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, туындап отырған жағдайға түсіністік танытуларын сұрайды. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ жаппай жөндеу жұмыстары жүріп жатқан осындай күрделі жағдайда жолаушы пойыздарының нормативті қозғалыс кестесін сақтауға барлық тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 тегін номері және «KTZN_PP_BOT» Телеграмм бот арқылы алуға болады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті