Екі вокзалдың перроны жөнделеді

Инфрақұрылым
31.05.2023, 12:30
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Тоғыз жолдың торабы Мақат станциясы мен қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын Доссор кентіндегі теміржол вокзалдарында перронды күрделі жөндеу мен қайта салу жүргізілмек.

 Отыз мың халқы бар осы екі кентке биыл перрон салуға бюджеттен қаражат бөлініп отыр екен. Бұл туралы Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбай мәлімдеді. Мақат кентіндегі вокзал перронын күрделі жөндеу үшін жоба құны 319 млн 382 мың теңге болып бекітілген. Шарт бойынша жобалаушы мекеме – «Сала» ЖШС, мердігер «Дос7» ЖШС. Перрон ұзындығы 448,8 метр, ені 4 метр. Перрон аумағында 20,5х6 метр болатын әкімшілік ғимарат салу жоспарланған. Бұл ғимаратта желілік бөлім, дәмхана, демалыс бөлмесі, әжетхана және жүк қоймасы қарастырылған. Сонымен қатар жобада Led шамдары бар 37 дана көше жарығы және жолаушылар ыңғайлығы үшін 10 отырғыш, 10 дана қоқыс жәшігі қойылмақ. Қазіргі уақытта әкімшілік ғимаратқа инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілді. Ол жұмыстарды биыл аяқтау көзделуде.  

Ал Доссор кентіндегі вокзал перроны бойынша жоба құны 127 млн 434 мың теңге. Перрон ұзындығы 300 метр, ал ені 4 метр. Жобада Led шамдары бар 23 дана көше жарығы және 6 отырғыш, 6 дана қоқыс жәшігі қарастырылған. Доссор вокзалына перрон салу жөніндегі халық сұранысы көптен айтылып келеді, бірақ осы кезге дейін шешімін таппай келді. Пойыздан түскенде жерге биіктен секіріп түсуге мәжбүр болып, үлкен кісілер мен балаларға қиындық туғызып келген. Сондықтан перрон салу – кезек күттірмейтін шаруа.

 

Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты