Семейде жол жөндеу бірнеше бағытта жүріп жатыр

Инфрақұрылым
25.08.2023, 10:10
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде ел шығысындағы теміржол бұрын-соңды болмаған деңгейдегі жаңарудан өтуде. Жаздың басында басталған күрделі жөндеу жұмыстары жоспардан ауытқымай өз шегіне жақындап келеді. Бұл шаралардың сыртында жекелеген қума жолдар бойында күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары да басталды. Станциялық жолдар мен кірме жолдарды жаңарту жұмыстары жылыту маусымының жақындауына байланысты аяқталуға таяу.

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол жөндеу жұмыстары мейлінше қауырт жүргізілуде. Мәселен, қазіргі таңда «ПМС Астана» ЖШС-ның көмегімен Жарма өңірінде күрделі жөндеу шаралары күш ала бастады. Осыған дейін айтқанымыздай, жылдық жоспар 85,2 шақырым болатын жол бойын темірбетонды шпалдарға ауыстыру межеленген. Қазіргі таңда оның 42,21 шақырымы ауыстырылып бітті. Жолшылар қауымы аптасына ең кемі 4 шақырым желі бойын жаңалауда. Қараша тәмамдалып, қатқақ орнағанша жоспарлы жұмыс толықтай аяқталмақ. Ал қазіргі күнге дейін қозғалыс жиілігі аса жоғары Қапанбұлақ – Нарбота станциялары, Балықтыкөл – 12-ші жол айрығы аралығы толықтай жаңартылып, Суырлы станциясына дейінгі аралықта қарқынды түрде жұмыс жүргізіліп жатыр.  

Бұл шаралардың сыртында өткен жексенбіден бастап Өскемен-1 мен Алтай телімі аралығындағы 17,5 шақырым болатын желі бойына күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осылайша семейлік теміржолшылар бірнеше бағытта жол жөндеу жұмыстарын қолға алған.  

Сонымен қатар бөлімше бойынша көптеген станцияларда бас жолдар мен кірме жолдарды қайта жаңалау шараларына да баса көңіл бөлінуде. Бұл орайда жыл басынан бергі атқарған жұмыс көлемі ауқымды. Бөлімшенің өз теңгеріміндегі жол машиналары үзіліссіз жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Аягөз-Ақтоғай телімі бойындағы Таңсық станциясындағы 1-ші жолда «ЖЕЙСМАР» жол машинасы темірбетонды шпалдарды толығымен жаңасына ауыстырып жатыр.  

Айта кетер тағы бір жайт, НЖС-6 бойынша биылғы жылға 62 бірлік бағыттамалы бұрманы ауыстыру да межеге алынған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар да кестеден кешікпеуде. Қазіргі күнге дейін жалпы көлемі 48 жиынтық ауыстырылған. Қалған жұмыстар алдағы қыркүйек-қазан айларында аяқталмақ.  

Сонымен қатар бөлімше көлеміндегі көптеген көмір тұйықтары мен кірме жолдары да жеке кәсіпкерлердің өз есебінен жөндеуден өткізіліп жатыр. Бұл шараларға ПЧ-39, ПЧ-40 мекемелерінің басшылары, тәжірибелі жолшылар кеңес беруде.Жұмыстарды қазан айының 15-не дейін аяқтау жергілікті әкімдіктер тарапынан қадағаланады.  

Бүгінгі таңда желі бойындағы атқарылып жатқан барлық шаралар бөлімше басшылығының назарында тұр. Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов әсіресе күрделі жөндеу жұмыстарын жеке бақылауына алған. Нәтиже бойынша жол сауықтыруға қажетті материалдар мен жол машиналарын жеткізуде ешқандай кедергі жоқ. Ауа райының аптап ыстығы қайтып, қоңырсалқын орнағандықтан өндіріп жұмыс істеуге молынан мүмкіндік ашылып отыр. Түйіндей айтқанда, шығыстағы жол жаңарту жұмыстары межеге сай жүргізіп жатыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады