Теміржолшылардың демалыс бөлмелері жөндеуден өтті

Инфрақұрылым
29.09.2023, 10:02
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сарыағаш станциясында локомотив бригадаларының бес демалыс бөлмесі, асхана және тауар кассасы орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимараты күрделі жөндеуден өтті.

Ғимараттың қасбеті жаңартылып, сыртқы қабырғалары қажеттілігіне қарай сырланып, жан-жағы абаттандырылды. Сонымен қатар терезелер, есіктер, сантехника, сусорғы, жылу қазандықтары, жылу жүйелері ауыстырылды. Ғимараттың кір жуатын бөлмедегі техникалық қабатында кафельдері ауыстырылып, қабырғалары сырланды. Қызметкерлер тұратын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Кассирлер мен демалыс бөлмесінің кезекшілері үшін қолайлы жұмыс орындары жасалған.  

– Мұнда тәулігіне сапар арасында 16 локомотив бригадасы, яғни машинист пен олардың көмекшілері, барлығы 32 адам демалып, күш жинайды. Көбінесе Арыс пен Шымкент депосының теміржолшылары тоқтайды. Олар үшін жарық әрі кең екі орынды залдар қашанда дайын тұр. Тамақтану бөлмесі қажетті ыдыс-аяқпен және ас құралдарымен, сондай-ақ тұрмыстық техникамен жабдықталған, яғни плита, шәйнек, тоңазытқыш бар, – дейді Сарыағаш станциясының бас инженері Сәкен Амиров.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз қызметкерлеріне қолайлы демалыс және қауіпсіз еңбек жағдайын жасауды негізгі әлеуметтік міндеті деп санайды. Ағымдағы жылы Пресногорьковская, Сексеуіл, Ақсу-1, Маңғыстау, Сарышаған, Шу, Құлсары, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Арыс, Сарыағаш, Қызылорда, Мақат, Ақтөбе және Шиелі станцияларында локомотив бригадаларының 16 демалыс үйі күрделі жөндеуден өтті. Тағы да 22 демалыс үйін жөндеу жұмыстары кестеге сай барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті