Жыл қорытындысы: Жаңа теміржолдар мен теңіз порттарын дамыту қалай жүзеге асты

Инфрақұрылым
26.12.2023, 11:10

Үкімет жаңа теміржолдар, ҮАААЖ іске қосылуы және теңіз порттарын дамыту бойынша жыл қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірегей географиялық артықшылықтары мен жүк тасымалының тұрақты өсімін ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық әлеуетті дамытуды Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі.

«Қазір әлемде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Қытайдан Еуропаға, Ресейге, Орталық Азияға және осы аймақтардан Қытайға жіберілетін тауар көлемі айтарлықтай көбейеді деген болжам бар. Қазақстан солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын жаһандық жолайрықта орналасқан. Бұл біздің елімізге зор мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан көлік-логистика саласы экономикамызды алға бастайтын басты күштің біріне айналуға тиіс», — деді ел Президенті халыққа Жолдауында.

Қазіргі таңда елімізде автомобиль, теміржол, әуе және теңіз салаларын қамтитын бірқатар ірі көлік жобалары жүзеге асырыла бастады. Primeminister.kz редакциясы 2023 жылы елімізде көлік саласының даму нәтижелеріне шолу жасады.

● 11 айда Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 895 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Оныі ішінде транзиттің үлесі 29 млн тоннадан асып, 21%-ға өсті.

● Салаға тартылған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 1,8 трлн теңгеге дейін жетті.

● Биыл теміржол көлігі саласында бірнеше ірі мегажоба жүзеге асырыла бастады.  

Атап айтқанда, қарашада Алматы торабын айналып өтетін (74 км) және Дарбаза – Мақтаарал (152 км) теміржол желілерінің құрылысы басталды. Біріншісі жүктерді жеткізу мерзімін 24 сағатқа қысқартып, Алматы теміржол торабын 40%-ға жеңілдетсе, екіншісі Орталық Азия бағытында өткізу қабілетін 10 млн тоннаға арттырады.

Бұдан бөлек, желтоқсанда ұзындығы 272 шақырым болатын Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы басталды. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымын қосымша 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алдағы үш жылда республикада 1 300 шақырымнан астам жаңа теміржол салынады.

● 2023 жылы 133 локомотив сатып алынды, бұл қазақстандық локомотивтер паркін 6%-ға жаңартып, тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендетеді.

● Жолаушыларға жағдайды жақсарту үшін 856 жолаушылар вагоны сатып алынуда. Биыл оның 100 вагоны қолданыстағы бағыттарға қатынай бастады. Нәтижесінде парктің тозуы 47%-дан 45%-ға дейін төмендеді.

● Биылғы жылы жөндеу-құрылыс жұмыстары республикалық және жергілікті маңызы бар 10,7 мың шақырым автомобиль жолдарын қамтыды. Бұл мақсаттарға 753 млрд теңге қарастырылған, бұл былтырмен салыстырғанда 14%-ға артық.  

Үш ірі жоба аяқталды: ҮАААЖ, «Қандыағаш – Мақат» және «Үшарал – Достық».

Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар маңызды жобалар пысықталуда. Ақтау портында контейнерлік хаб құру, айлақтарды реконструкциялау, сондай-ақ жүк тиеу жабдықтарын жаңарту жоспарлануда.

Құрық портында Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлескен астық терминалы іске қосылды.  

Сонымен қатар теңіздегі қауіпсіздікті арттыру үшін 2024-2025 жылдары Ақтау және Құрық порттарының акваторияларында  тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы жоғарыда аталған жобалардың барлығын жүзеге асыру Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 10 млн тоннаға, оның ішінде контейнерлік қуаттылықты жылына 300 мың ЖФБ-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

● Ішкі су көлігін дамыту күшейтілді. Атап айтқанда, трансшекаралық Ертіс өзенінің транзиттік әлеуетін арттырып, Ресей – Қазақстан – Қытай жаңа дәлізін құру жоспарлануда. Әңгіме Семей қаласында жаңа жүк тасымалы шлюзі, Тұғыл ауылындағы өзен порты және Қытай шекарасына дейін теміржол салу туралы болып отыр. Трансшекаралық Ертіс өзенінің транзиттік мүмкіндіктерін дамыту жүк тасымалдау көлемін қазіргі 1,5 млн тоннадан 3,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

● Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытының өз бөлігін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. 11 айда ТХКБ бойынша Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы 2,5 млн тонна жүк өткізілді – былтырғы жылмен салыстырғанда 107%-ға өсті. ТХКБ дәлізі бойынша биыл алғаш рет қазақстандық мұнай тасымалданды.  

Бағытты дамыту мақсатында 2023 жылдың қазан айында Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның теміржол әкімшіліктері логистикалық қызметтердің бірыңғай операторын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойды. Бұдан бөлек, елдер Түркиямен бір уақытта бағыттағы «талапқа сай келмейтін» жерлерді жоюға күш салуда.  

Логистикалық қызметті жақсарту мақсатында ТХКБ арқылы өтетін тасымалдар үшін «бір терезе» құру мәселесі пысықталуда. Цифрлық көлік дәлізін толық іске қосу 2024 жылға жоспарланған.  

Биыл қазанда Қытаймен ТХКБ дамыту туралы келісімдерге қол қойылды, олар экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайтуды, ҚХР-ға порттық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға көмек көрсетуді, ТХКБ бойындағы мультимодальды тасымалды дамытуды және т. б. көздейді.

Ақтау және Құрық порттарына жүктерді автомобильмен жеткізу уақытын қысқарту үшін ұзындығы 515 шақырым болатын республикалық маңызы бар «Шалқар – Бейнеу» автожолын салу жоспарланған. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Бағытты дамыту бойынша шараларды жүзеге асыру оның өткізу қабілетін 2027 жылға қарай жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Жолаушылар тасымалы
13.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы жаңа бағыт бойынша жолға шығады
Инфрақұрылым
13.03.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының іске асырылу барысы талқыланды
Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды