Атырау вокзалы кеңейтілмек

Инфрақұрылым
13.11.2024, 14:59
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жолаушы тасымалы қарқынды өсіп отырған бүгінгі таңда ертеректе салынған теміржол вокзалдары тарлық етуде. Соның бірі – Атырау вокзалы.

Вокзал – жолаушы халыққа қажетті барлық қызметті көрсететін орын. Билет алып, аялдап, тынығып, сапар алдында жолға қажетті нәрселерін түгендеп,  тамақтанып, басқа да қызмет түрлерін пайдалатын жолаушылар үшін ең алдымен  қолайлылық, қызметтердің қолжетімділігі керек. Елімізде жаңадан салынған вокзалдар кемде-кем, басым бөлігі бұрынғы вокзалдар. Атырау теміржол вокзалы 1972 жылы бой көтеріп, 500 орынға лайықтап салынған болатын. Ал бүгінде заман өзгеріп, ішкі-сыртқы миграцияның ұлғаюына байланысты жолаушылар тасқыны арта түсті. Жарты мың адамды жарылқауды көздеген вокзал бүгінгі күні тәулігіне мыңның үстінде адамға қызмет көрсетеді.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесі, вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышевтің айтуынша, келесі жылы Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысы қолға алынбақшы. Оны Атырау облыстық ЖКХ бөлімі жүзеге асыруды көздеп отыр. Жолаушыларға қолайсыздық тудырмау үшін бұрынғы вокзал жұмыс істей береді, соған қапталдастырып жаңадан ғимарат соғып,  вокзалды ұзарту көзделіп отыр екен. Бұл әрине жолаушылар үшін жақсы жаңалық.  

 

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды