Өткелдер қауіпсіздігі маңызды

Инфрақұрылым
25.11.2024, 10:06
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясына қарасты теміржол өткелдерінің бірі жақында күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына байланысты өткелде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, жол жабылды. Екі тәулікке жалғасқан жұмыс дистанцияның өз күшімен жүргізіліп, отызға жуық жолшы тартылды.  

Күрделі жөндеу Маңғыстау – Өзен учаскесінде Маңғыстау – Р бекеті аралығы екінші шақырымдағы күзетпелі өткелде өтті.  Теміржолмен қиылысатын автокөлік жолындағы қозғалысқа таңғы сағат 9-дан келесі күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін шектеу қойылып,  жолшылар еш кедергісіз жұмыс істеді. Теміржолға қойылған настил ауыстырылып, ескі шпалдардың орнына темірбетонды жаңа шпалдар салынды. Жұмыс жүріп жатқан кезде жолдың қос тарапына хабарлама мен белгілер ілініп, арнайы мамандар жүргізушілерді ескертіп тұрды.  

– Бұл – біздің дистанцияға қарасты 34 өткелдің бірі. Онда жоспарлы  күрделі жөндеудің жүруіне байланысты Мұнайлы ауданының полиция бөліміне, әкімдігіне тұрғындар мен мекемелерді хабарландыру туралы хаттар жолданды. Арнайы белгілер қойылып, әлеуметтік желілер арқылы да хабарландыру жарияланды. Жол уақытша жабылып, барлық көліктерге Тамақ – Маңғыстау ст. аралығы 399-шақырымдағы күзетпелі теміржол өткелінен және Маңғыстау ст. –«Р» бекеті аралығы 5-шақырымдағы көпір астымен өтуге ұсыныс берілді. Аталған өткелдегі рельстер кеңейіп, настилі ескірген болатын. Сол себепті оған қажетті жаңартулар жүргізілді. ЖБ шпалдар төселіп, барлық жұмыс талапқа сай сапалы жасалуы қадағаланды, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев.

 Оның айтуынша, өткелдердегі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар аз емес. Мәселен өткен айда   жергілікті әкімдік, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп Жаңаөзен, Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарында автокөлік иелерімен профилактикалық жұмыс жүргізілген. Жалпы мұндай шаралар ай сайын өтетін көрінеді. ШЧ, ЭЧ мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесе өткелдерді тексеру жұмыстары да жиі жүргізіледі. Жылына бір рет облыстық ішкі істер департаментімен бірлескен рейд өтеді. Сондай іс-шаралардың нәтижесі болса керек,  биыл Маңғыстау жол дистанциясына қарасты өткелдерде бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.

Дегенмен, жолшылар қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ететін  шараларды тоқтатпай, керісінше күшейте түсуде. Қазір олар тиісті өткелдерге бір жолақты, көп жолақты, т.т. белгілер мен шлагбаум орнату бойынша бас қатыруда. Сонымен қатар ҚТЖ-ның Бас қауіпсіздік ревизоры Шакеновтің өткелдердегі қауіпсіздікті күшейту жөніндегі тапсырмасын басшылыққа ала отырып, бейнебақылау құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр.    

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты