Стратегиялық маңызға ие жоба

Инфрақұрылым
13.06.2025, 09:00
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 

Алматы өңіріне іссапар барысында арнайы ат басын бұрған нысанның бірі, Алматы станциясы теміржол торабының жүктемесін азайту және өткізу қабілетін жақсарту мақсатында салынып жатқан айналма жол болды.

Біз барған Жетіген – Жаңаарна телімінде ПМС Жетіген жол шебері Құмар Еркебаев жетекшілік еткен 15 адамнан тұратын бригада рельс-шпал торкөздерін төсеу жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізіп жатты. Бұл телімдегі теміржолдың ұзындығы 20 шақырымды құрайды екен.  

– Алматы станциясының торабын айналып өтетін айналма теміржол желісінің құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазыбек бек пен Жетіген станциялары аралығындағы негізгі жолдардың ұзындығы 75 шақырым болса, осынша көлемде станциялық жолдар салынады. Қазір негізгі жолдардың 50% салынды. Станциялық жолдардың құрылысы да басталды. Топырақ төсеу жұмыстары 97% орындалды. Бұдан бөлек теміржол, автожол тармақтары бойынша 19 көпір бар, олар бойынша жұмыс 90% атқарылды. СОБ байланыс кабельдерін өткізу бойынша жұмыстардың да басым бөлігі іске асырылды. Электрмен жабдықтау жұмыстары да істелінуде. Жаңаарна да электрмен жабдықтайтын станция тұрғызылмақ. Қазір екі жақтан, Қазыбек бек жақтан да, Жетіген жақтан да жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарына «Integra Construction Kz» ЖШС-ның жол техникалары жұмылдырылып отыр. Сонымен қатар ПГС жұмыстары жүріп жатыр. Одан кейін шағыл тас төселіп, олар нығайтылады. Яғни жол тағы жарты метрге көтеріледі. Бұдан бөлек, Жетіген ПМС базасында бағыттағыш бұрмалар құрастырылып жатыр. Оны да салатын боламыз. Жалпы Алматы айналма темір жол құрылысына мыңға жуық адам, 250 астам техника қолданылып отыр. Жұмысшылар екі ауыссымен жұмыс істеп жатыр, – деп құрылыс жұмыстарымен егжей-тегжейлі таныстырды «Integra Construction Kz» ЖШС жер төсемі басқармасының бастығы Ерік Арыстанбек.  

 

 

Алматы станциясын айналып өтетін темір жол желісі расында өңір үшін айтулы оқиға болмақ. Біріншіден ол, жүк ағынын қайта бағыттауға және жүктерді жеткізу уақытын қысқартуға, екіншіден, пойыздардың кешігуін азайтуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру өңірге жаңа перспективалар ашады. Құрылыс барысында 130 шақырым темір жол салынып, үш бөлек пункт – Сорбұлақ, Мойынқұм, Жаңаарна, 13 көпір, бес темір жол және бір автомобиль өткелі салынады.  

Ерекше бір атап өтерлігі, құрылыс жұмыстары барысында отандық өндірушілерден 228 мыңға жуық шпал, 16 мың тонна рельс сатып алу жоспарлануда. Магистраль құрылысы шамамен 1400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін айтады мамандар. Қазіргі заманғы сигнал беру және қозғалысты басқару жүйелерін орнату және электрлендіру, сондай-ақ, инженерлік желілерді, газ құбырларын және байланыс желілерін қайта құру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда.  

«Бұл жоба өңіріміз үшін стратегиялық маңызға ие. Себебі, ол қолданыстағы теміржол инфрақұрылымының жұмысын жеңілдетіп, көлік кептелісін азайтумен қатар жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысын жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде логистиканы жақсартып, тасымалдау тиімділігін арттырады, әсіресе бизнес үшін де, өнеркәсіп үшін де өте маңызды. Сонымен қатар, жоба қала экологиясына оң әсер етеді, қалай десеңіз, орталық аудандар арқылы пойыздардың жүру қарқындылығының төмендеуі нәтижесінде шу деңгейі мен шығарындылар азаяды. Сондай-ақ, теміржол өткелдерінің санын азайту есебінен жол қозғалысы қауіпсіздігі артады. Қысқасы, жаңа айналма жол өңір тұрғындары мен кәсіпорындары үшін қолайлы және жедел көлік байланысын қамтамасыз ете отырып, өңірдің тұрақты дамуына ықпал ететін экономикалық өсімнің маңызды факторы болмақ, – деп мәлімет берді Алматы жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Нұржан Құрманәлиұлы.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады