Вокзал құрылысы бақылауда

Инфрақұрылым
23.12.2025, 09:36
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміз бойынша теміржол вокзалдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының арнайы тапсырысымен Семей ЖТ бөлімшесіндегі 13 теміржол вокзалы жөнделуде.

Аталмыш нысандардың 8-і Абай облысының аумағында болса, қалған бесеуі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Солардың ішіндегі ең ауқымдысы әрі күрделісі 110 жылдық тарихы бар Семей теміржол вокзалының құрылысы болып отыр. Жақында Абай облысы әкімі Берік Уәли бастаған атқарушы билік өкілдері Семей ЖТ бөлімшесінің басшысы Алмас Сейсемқанов пен магистральдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежановтың қатысуымен вокзал құрылысын аралап көрді.  

Құрылыс алаңындағы шағын жиында мердігер ұйым өкілдері атқарылып жатқан жөндеу жұмыстары мен бірегей жобаның негізгі бағыттарын таныстырып шықты.

Жалпы ауданы 3037,9 шаршы метрді құрайтын вокзал ғимаратында соңғы рет 1972 жылы қайта құру жұмыстары, ал 2013 жылы күрделі жөндеу жүргізіліпті. Түп тарихы 1915 жылдан бастау алатын нысанның сырты заманауи еуропанельдермен қапталып, аумағы кеңейтілуде. Қазіргі таңда демонтаждау және шатыр жабу жұмыстары орындалған. Сонымен қатар инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары да жалғасуда.  

Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысы Айдын Мақсұтбекұлының айтуынша, жоба барысында қауіпсіздік, қолжетімділік және сервистік қызмет көрсету деңгейіне ерекше көңіл бөлінген. Яғни жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бірінші кезектегі маңызды орында тұр.  

– Жоспарға сәйкес, қайта жаңғыртудан өткен Семей теміржол вокзалы 2026 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріліп, қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін болады. Ал әзірге жөндеу жұмыстары кезінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында вокзал ғимаратының оң жағында жалпы ауданы 85 шаршы метрді құрайтын уақытша қызмет көрсету орындары ұйымдастырылған. Бұл орындар қолайсыз ауа райы жағдайында жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған. Жалпы, қазіргі күні жолаушылар тарапынан ешқандай шағым жоқ, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрлан Жақсылықұлы.  

Вокзал ғимаратын аралап көрген аймақ басшысы мердігер ұйымға атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беріп, белгіленген кестеге сай орындауды қатаң түрде тапсырды.  

 

Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы