Ақтөбе-2 станциясы жаңғыртуды қажет етеді

Инфрақұрылым
26.12.2025, 09:15
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе-2 станциясы жаңғырту жұмыстарын қажет етіп отыр. Бұл қадам темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, тиімділік пен өнімділікті арттыруға сеп болмақ. Ақтөбе-2 станциясы 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 10 982 пойыз қабылдап, 9 241 пойыз жөнелткен. Сұрыптау дөңесінен 131 217 вагон өткен.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің байланыс және электрмен жабдықтау бөлімінің бастығы Жәнібек Жұмаевтың айтуынша, 1 класты станцияны жаңғырту бағдарламасы бойынша бірінші кезекте сұрыптау жолдарын және бұрмаларды орталықтандыру қажет. Бұл жұмыс қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, техникалық ақауларды азайтуға және теміржол жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.  

– Ақтөбе-2 станциясын жаңғырту аясында бірқатар маңызды жұмыстар жоспарланған. Жаңғырту жұмыстарының экономикалық әсері де айтарлықтай болмақ. Жобаның жүзеге асуы транзиттік пойыздардың тоқтау уақытын қысқартуға, сондай-ақ вагондар мен пойыздарды жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қандыағаш станциясында транзиттік пойызды өткізу кезінде Ақтөбе станциясында транзиттік вагондардың тоқтау уақытын 11,08 сағатқа қысқартады, – деді Жәнібек Жұмаев.  

Оның айтуынша, станциядағы 31 бұрманы орталықтандырғанда қозғалыс қауіпсіздігі артып, жұмыс тиімділігі күшейе түспек. Қазіргі уақытта бұрмалар көбінесе жергілікті басқару арқылы ауыстырылады, бұл адам факторының ықпалын азайтуға және техникалық ақауларды болдырмауға септігін тигізеді.

Сондай-ақ станцияның қабылдап-жөнелту жолдарын орталықтандыру жұмыстары да басталмақ. Жаңғырту станцияның жұмысын автоматтандырып, қозғалысты жылдамдатуға мүмкіндік береді. Әсіресе қабылдап-жөнелту жолдарына маневрлік сигналдар орнату, қозғалыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, маневрлік жұмыстың тиімділігін арттырып, қателіктердің алдын алуға мүмкіндік бермек.  

Инфрақұрылымдарды жаңалау кезінде Ақтөбе-2 станциясында орналасқан шағын қуатты төбенің жұмысы да жетілдіріледі. Бұл төбе қазіргі таңда қолмен басқарылып, вагондарды сұрыптау және тарату ісін жүзеге асырады. Оның автоматтандырылуы жұмыс үдерісін жылдамдатуға ықпал етеді.  

Ақтөбелік теміржолшылар Астанада өткен «Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениеті» байқауынан осы жаңғырту жобасын ұсыну арқылы 2-орын алды. Бұл жай жоба емес, алда атқарылатын жұмыстар дейді теміржолшылар. Себебі Ақтөбе-2 станциясын жаңғырту теміржол инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін береді. Бұрмаларды орталықтандыру, маневрлік сигналдарды орнату, қабылдап-жөнелту жолдарын электрлік орталықтандыру сияқты жаңғырту шаралары қозғалыс қауіпсіздігін жақсартып, станцияның жұмысын автоматтандырады.

 

Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы