Атырау темір жолында инфрақұрылым жаңарып жатыр

Инфрақұрылым
16.01.2026, 09:12
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау темір жолында инфрақұрылымды сауықтыру, электр және байланыс саласын модернизациялау, жолдар мен станциялардың жағдайын жақсарту бағытында өткен жылы ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалды.

Атырау магистральдық желі бөлішесі бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Аманқос Жылқыбаевтың айтуынша, өткен жыл соңында тозығы жеткен автобұғаттау әуе желісі сымдарын кабельге алмастыру үшін траншея дайындау жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде Доссор-рзд 414 аралығында 10,1 км, рзд.11-Исатай аралығында 15 км, рзд. 16-Туманный аралығында 12 км кабель ауыстырылды. Сондай-ақ тозығы жеткен 31 дана электропривод жаңартылды.  

Инфрақұрылымды жақсарту, байланыс саласын модернизациялау бойынша Атырау, Ақжайық сигнализация және байланыс дистанцияларында Атырау, Махамбет, Мақат станцияларындағы Электрлік орталықтандыру кешенінде қызмет ету мерзімі өткен қуат панельдерін ауыстыру жұмыстары, сондай-ақ Бейнеу, Исатай станцияларында вокзал ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты вокзал ішінде орналасқан Электрлік орталықтандыру кешенін жаңа ғимаратқа көшіру жұмыстары жүргізілді. Бұл – өте ауқымды жұмыс.

Ал Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша 60 дана темірбетонды бағана, 560 дана траверс, ПСО типті 45 км әуе желі сымдары АС-35-ке, 500 дана изолятор, 7 км АС сымын СИП-4-ке, 6 дана трансформатор, 3 дана КТП КТПН-ға ауыстыру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар Атырау, Ақжайық, Құлсары сигнализация және байланыс дистанцияларында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында электр жетектер, релелік шкафтар, әуе желісі еңістер мен аккумуляторлар ауыстыру жұмыстары жүргізілді.  

– Теміржол учаскелеріндегі жол құрылымдары, стрелкалар және байланыс-бақылау құрылғылары тексеріліп, анықталған ақаулар уақытылы жойылды. Қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылау мақсатында тәуліктік кезекшілік пен мониторинг күшейтілді. Жалпы, бөлімшеде қауіпсіздікті бұзу мен төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Жол өлшеуіш вагонның қорытындысы бойынша балдық бағам өткен жылы жоғары деңгейде болды, – дейді А.Жылқыбаев.

 

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды