Жаңа порт құрылысы басталмақ

Инфрақұрылым
30.01.2026, 09:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау облысында көлік инфрақұрылымы жүйелі түрде дамып келеді. Алдағы уақытта көлік қуаттары жаңа нысандармен толығады деп күтілуде. Олардың қатарында жаңа теңіз портын және теңіз жолаушылар вокзалын салу жоспары бар.

Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы алға тартқан деректерге сүйенсек, 2026 жылы жаңа теңіз портының құрылысы басталып, ол осы өңірдің Қарақия ауданында салынбақ. Қазіргі уақытта жер телімін рәсімдеу және қажетті инфрақұрылымды дайындау мәселелері тиісті мемлекеттік органдармен келісу сатысында екен. Жаңа теңіз портын салу Қазақстан порттарының өткізу қабілетін арттырып, «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» көлік дәлізіндегі еліміздің рөлін нығайта түспек. Сонымен қатар жүк жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартып, көлік шығындарын 18-25%-ға төмендетеді деп күтілуде.  

Жобаны жүзеге асыруға Қытай және Моңғолия елдерінен инвесторлар тартылуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 300 млн АҚШ долларын құрамақ.  

Бұл жоба Ақтау немесе Құрық порттарының қолданыстағы қуаттарын кеңейтуге емес, толықтай жаңа теңіз портын салуға бағытталып отырған көрінеді. Жобалық параметрлерге сәйкес оның жылдық өткізу қабілеті шамамен 20 млн тонна жүк көлемін құрап, қуаттылығы жоспарға сәйкес Ақтау халықаралық теңіз портынан екі есеге дейін жоғары болады деп межеленген. Осылайша жобалар толық іске асқан жағдайда, 2030 жылға қарай Қазақстанның теңіз порттарының жылдық өткізу қабілеті 22,3 млн тоннадан 60 млн тоннаға дейін арта түспек.  

Құрылыс барысында және портты пайдалану кезінде барлығы 2 000-нан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Жоба аясында портқа темір жол немесе автожол тарту, терминалдар салу сияқты ілеспе инфрақұрылымды дамыту қарастырылған. Теңіз портын Қазақстанның магистральдық теміржол желісіне қосу, автоматтандырылған контейнерлік терминал құру, сондай-ақ жүк көтергіштігі 3 500 тонна болатын төрт контейнер тасымалдаушы кеме және дедвейті 5 000 тонна болатын екі паром жеткізу көзделген.  

Ал теңіз жолаушылар вокзалын салу жобасына келсек, ол қолданыстағы Құрық портының базасында қазіргі жолаушыларды қабылдау пунктінің ғимаратын пайдалана отырып жүзеге асырылмақ.

 

Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл