Шетпенің жаңа келбеті

Инфрақұрылым
24.07.2026, 09:19
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау облысының Шетпе станциясында күрделі жөндеуден соң қайта жаңғырған теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Осыдан алпыс жыл бұрын салынған вокзал ғимараты жаңғыртудан кейін бес есе ұлғайып, барлық қауіпсіздік және заманауи стандарттарға сәйкестендірілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Үкімет пен Көлік министрлігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен ҚТЖ-ның өз қаражаты есебінен орындалған жұмыс көлемі аса ауқымды болды. Қаңқасынан бастап толықтай қайта салынған Шетпе вокзалын жаңғырту барысында құрылыс монтаж және әрлеу жұмыстарының толық кешені жүргізіліп, инженерлік желілер түгел қайтадан құрылған.  

Шатыр мен қасбетті жабу, инженерлік желілерді төсеу, ішкісыртқы әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде вокзал ауданы 200-ден 1000 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, оның 500 шаршы метрін жертөледе орналасқан техникалық аумақ алып жатыр. Ғимарат қауіпсіздіктің, энергия тиімділігінің және қолжетімділіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді.

Сонымен қатар ауданы 2100 шаршы метр жаңа жолаушылар перроны салынған. Қозғалысы шектеулі азаматтарға тактильді тақталар орнатылған. Ғимарат аумағы абаттандырылып, заманауи навигация элементтері қойылған.  

Вокзал ғимаратының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Маңғыстау» филиалының директоры Қарақат Жақанов бастаған билік өкілдері мен теміржол басшылары, ардагерлер қатысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Zangar SG» ЖШС өкілі нысанның кілтін табыстап, ардагерлер ақ батасын беріп, ғимараттың есігі халыққа айқара ашылды.  

Қонақтар қазақстандық өндірістен шыққан материалдар пайдаланылған, жаңа жиһаз бен заманауи жабдықтар орнатылған су жаңа вокзалды аралап көріп, ғимараттың сапа, қауіпсіздік және қолжетімділік стандарттарына сай жасалғанын атап өтті. Жаңа вокзал ұзақ жылдар бойы халыққа қызмет етіп, әрбір жолаушыға қолайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді.  

Шетпе вокзалы 1 типті және күн сайын 100-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Станция арқылы Семей, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Орал бағыттары бойынша 16 жолаушылар пойызы қатынайды.  

Бұл аптада Шетпеден бөлек Павлодар облысының Қарасор станциясында да жаңа вокзал ашылды. Ескі ғимарат толық жөндеуден өтіп, сумен жабдықтау, кәріз, жылыту, электрмен жабдықтау және байланыс жүйелері жаңартылған. Заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылып, қимыл-қозғалысы төмен жолаушылар үшін пандус, тактильді навигация және арнайы күту бөлмесі жабдықталған.  

 

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты