Құрықтың қуаттылығы артып келеді

Инфрақұрылым
05.02.2019, 12:24

Теміржол және автомобиль құрамдас бөлігі бар қазіргі заманғы инфрақұрылымдық объектілермен жабдықталған Құрық порты өткен жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап, биылға жаңа жоспар түзді.  

Кешеннің іске қосылуы Транскаспий халықаралық көлік бағытына үлкен серпін бергені анық. Теңізге шығатын жолы жоқ елдер қатарында болған Қазақстан бір ғана Каспий арқылы екі бірдей айлық құрып, жұмысын жолға қоя білудің нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстан порттарының жалпы қуаттылығы жылына 26 млн тоннаға жеткен.

Құрық порты арқылы Қытайдан Түркияға Баку-Ахалкалаки-Карс жаңа жолын пайдалану арқылы транзиттік жүктер белсенді түрде тиелуде. Қазақстандық экспорттық жүктер де жөнелтілуде. Дәнді дақылдар арнайы контейнерлерде Құрық портынан Каспий арқылы Әзербайжан және Грузия, Түркияға тасымалданады. Жүктердің негізгі номенклатурасы: контейнерлік жүктер, мұнай өнімдері, түрлі халық тұтынатын тауарлар, астық, құрылыс жүктері, өнеркәсіптік жабдықтар, азық-түлік өнімдері, құбырлар, доңғалақты техника, химиялық, т.б жүктер.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Құрық паром кешені арқылы жүктерді ауыстырып тиеу шамамен 2 млн тоннаны, оның ішінде темір жол вагондарымен 1,9 млн және автомобиль арқылы 80 мың тоннаға жуық жүкті құрады.

Өткен жылы автомобиль терминалының жұмыс қорытындысы бойынша 2351 жүк автокөлігі және 437 жеңіл автокөлік өңделді. Жолаушылар айналымы 3623 адамды құрады. Темір жол терминалы арқылы 23948 вагон ауыстырып тиелді.

Бүгінгі күні Құрық – Алат – Құрық бағытында ғана тұрақты хабар беру, болашақта Иран және Түркменстан бағыттарда басқа паромдық желілерді іске қосу жоспарлануда. Паромдар сыйымдылығы 54 темір жол вагонына дейін немесе 35 үлкен жүк автомобилін құрайды. Айлақтардың жалпы жобалық қуаты жылына 6 млн.

Порт аумағында жүктерді жедел өңдеу үшін заманауи техникамен жабдықталған және барлық жаңа технологиялармен жабдықталған кедендік ресімдеудің әмбебап ғимараты жұмыс істейді. Мұнда "бір терезе" қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі. Бір жерде барлық мемлекеттік қызметтер – кеден, шекара қызметі, фитосанитария, ветеринария, порт қызметтері шоғырланған. Туристер мен жолаушыларға барлық жағдайлар жасалған. Қонақ үй, асхана, кафетерий бар.

Теміржол терминалының өткізу қабілеті – жылына 4,1 млн тонна, паромдарды өңдеудің толық циклінің орташа уақыты: бір қабатты – 6-8 сағат, екі қабатты – 10-12 сағат, бұл тәулігіне 5 паромды өңдеуге, ал автомобиль терминалының өткізу қабілеті – жылына 1,9 млн тонна, паромды толық өңдеудің орташа уақыты – 14-16 сағат, бұл тәулігіне 3 паромға дейін өңдеуге мүмкіндік береді.

 Құрық порты – енді ғана аяғынан тұрып келе жатқан жас кешен. Жылдан жылға қуаттылығы артып келе жатқан айлақ биылғы жылы жоғары міндеттеме қабылдап отыр.

Әсел ТАҢАТАРОВА, 

Маңғыстау


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл