Мақат депосы: кеше мен бүгін

Инфрақұрылым
22.02.2019, 01:23

Қай өндіріс ошағында болсын қауіпсіз еңбекке қол жеткізу – үлкен жетістік. Мақат локомотив пайдалану депосы соңғы бірнеше жыл қатарынан өнімді еңбек етіп келеді, пойыз және маневр қозғалысында пойыздардың құлауы, қирауы, апатты оқиға, өндіріс жарақаты орын алмаған. 

Бүгінгі таңда Мақат локомотив пайдалану депосы паркінде 28 тепловоз бар, оның ішінде: магистральды МК(ВК) сериялы тепловозы – 18,ТЭ33 сериялы тепловоз – 1, магистральды 2ТЭ10У сериялы тепловозы – 1 және маневр қозғалысындағы ТЭМ2 сериялы тепловозы – 8 бірлік. Депо бастығы Абзал-Сенбі Самаликовтың айтуынша, қазіргі таңда тепловоздардың техникалық жағдайы бірқалыпты, қысқы жұмыс тәртібіне көшіріліп локомотив бригадалары күшімен машинист кабинасы жөнделіп, жарықшашыратқыш белдеу бояулары жаңартылған. 2018 жылдың көрсеткіші бойынша тепловоздардың жоспардан тыс жөндеуге ағытылуы бойынша 116 жағдай тіркелген, 2017 жылмен салыстырғанда 5 оқиғаға азайған.  

Депо бойынша 2018 жылы тасымалдау жұмысы нақты есеппен – 12609,48 млнтоннакмбрутто, ол өткен жылмен салыстырғанда 105,1 %-ға ұлғайған. Дизельді отын шығыны 32288,22 тонна болса, нақты шығын 32331,81 тоннаны құрады. Жоспар бойынша өлшегіш үлесі 25,61 кг/км болса, нақты өлшегіш үлесі 25,64 кг/км құрады. Өлшегіш үлестерін алдыңғы жылмен салыстарғанда 0,14 кг/км азайған. 2017 жылғы нақты өлшегіш үлесі – 25,78 кг/км. Пойыздардың орташа салмағы 3842 тоннакмбрутто болса, техникалық жылдамдық 100,4 пайызға орындалған. Дизель отыны жолаушылар қозғалысында 1,828 тоннаға, шаруашылық қозғалысында 1,545 тонна, маневрлік қозғалысында 1,262 тоннаға үнемделген. 

 Жалпы, локомотив шаруашылығында дизель отынын үнемдеуге баса мән беріледі. Бүгінде Мақат локомотив пайдалану депосының паркіндегі барлық тепловоздар дизель отынын бақылайтын және мөлшерден көп себепсіз шығындауды, сонымен қатар өндірістің шаруашылық және т.б. жұмыстарында қасақана дизель отынын шығындауды алдын алу мақсатында АСУ ЭДТ бағдарламасымен жабдықталған. Былтырғы жылы қасақана немесе санкциялаусыз төгілген жанармай тіркелмеген. Депо бойынша еңбек қорғау қауіпсіздігін бұзу немесе жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмеген, мысалы, қысқы қалың костюммен, мақта-мата костюммен, қысқы құлақшын, жұмысшы және диэлектрикалық қолғап, сигналды жилетпен 100% қамтылса, жұмысшы бәтеңкесімен 68% қамтамасыз етілген. Ал жылы етікпен, байпақпен, каска, көзілдірік, респиратор, құлаққап және диэлектрикалық кілемшелермен мүлдем қамтамасыз етілмепті. Басшының айтуынша, олар алдағы уақытта міндетті түрде жеткізілетін болады. 

Мақат локомотив пайдалану депосы 90-жылдардың соңында америкалық «Дженерал Электрик» компаниясының дизель қондырғысымен жетілдірілген 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарын қолданып, тасымалдау жұмыстарын қамтамасыз етіп келеді. Депоға соңғы бесінші буын ТЭ33А тепловоздары да берілген, олар да жүк тасымалы жұмыстарына пайдалануда. Мақат депосы Атырау бөлімшесі бойынша локомотив деполарының арасында ең ауқымды ірі кәсіпорын болып табылады. Жарты ғасырдан жасап келе жатқан депо кезінде жоғарғы өндірістік көрсеткіштер мен жетістіктерге қол жеткізу арқылы даңқы одақ темір жолына мәлім кәсіпорын болды. Локомотив депосының сол жетістіктеріне деподағы аға буын өкілдері мен қазіргі зейнеткерлердің қосқан үлесі зор. Депода 20 адам – «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегерлері. Қазіргі таңда зейнеткерлер қатарында – 110 адам, салалық жәрдемақы алушы ретінде 60 адам депоның есебінде тіркеулі.  

2005 жылы қыркүйек айында Мақат ауданында болған бес сағаттық жаңбырдың салдарынан тұрғын үйлердің жертөлелері суға толып, бірқатар үйлер қирап қалды, оның ішінде 28 теміржолшы үйсіз қалды, оның көбісі локомотившілер еді. Депо тарапынан комиссия құрылып, табиғи апаттан зардап шеккендерге материалдық-қаржылай көмек көрсетіліп, тұрғын үйлерді қалпына келтіруге жәрдем берілді.   

Ал 2008 жылы 25 қазанда депо аға буын өкілдерінің құрметіне және жас ұрпаққа депо тарихының өткен жолдарының айғағы іспетті тұғырға ескерткіш паровоз орнатылды. 2010 жылы тамыз айында «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының президенті А.Мамин Мақат депосында болып, теміржолшылардың өмір-тынысымен танысты. Мақатта теміржолшылар үшін тұрғын үй салу туралы шешім қабылдап, Мақат локомотив пайдалану депосы қызметкерлері үшін тұрғын үйлер құрылысы басталды. Негізгі мақсат – кадрларды тұрақтандыру және тұрғын үй мәселесін шешу. Депо қызметкерлеріне екі пәтерлік 23 үйдің құрылысы аяқталып, 2013 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «қызметтік үй» пайдалануға берілді. Депоның 46 маманы, оның ішінде жас кадрлар жаңа үйге қоныстанып, бүгінде сол кадрлар депо жұмысын алға жылжытып, ағалар салған сара жолмен келе жатыр. 

Қосұйым Мұқашев, Атырау 


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды