Су тасқынына дайындық қандай?

Инфрақұрылым
27.02.2019, 11:06

Бір аптадан кейін көктемнің алғашқы айы да тумақ. Күннің көзі жылынып, солтүсікте қалың қардың көбесі сөгіліп, кәдімгідей көктем хабары білінуде. Табиғаттың жанға шуақ сыйлайтын мезгілінің «тосынсыйы» – алты ай қыс жиналған қар мен мұздың еруімен, оған қоса кейде толассыз жауатын жаңбырдан пайда болатын су тасқынының болу қаупі. Теміржолшылар жылдағы әдеттерімен селдің және ағын судың кедергісіз өтуіне қамданысты бастап кеткен.     

Биыл да «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жасанды құрылыстарды, жолдарды уақытылы дайындап, пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Компания басшылығының 2019 жылдың 13 ақпанында «Жолдар мен жасанды ғимараттарды мұз бен ағын суды өткізуге дайындау туралы» №122-ЦЗ бұйрығы шыққан. Осы бұйрық негізінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін Оңтүстік өңір бойынша 1 наурызға дейін, Батыс және Шығыс аймақтар бойынша 15 наурызға дейін, Солтүстік өңір бойынша 1 сәуірге дейін қойтастар, рельстік пакеттер, темірбетонды шпалдар тиелген 42 ағын суға қарсы пойыздар жасақталмақ.

– Жол шаруашылығы бойынша жоғарыдағы бұйрықты негізге ала отырып, жолдар мен жасанды ғимараттардың сақталуын және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық-техникалық шаралар әзірленді. Қауіпті деген 673 орынның тізімі жасалды. Локомотив бригадалары бұл жерлерден өткенде айрықша қырағылық танытатын болады. Бұдан бөлек кездейсоқ оқиғалар бола қалған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары – жол және магистральдық желі бөлімшелері директорларының, жол дистанциялары бастықтарының жасайтын нақты іс-қимылдары белгіленіп отыр. Сонымен қатар жергілікті органдармен және аймақтық ТЖ департаменттерімен бірлесіп, су қоймаларының, ауылшаруашылық тоғандардың жағдайы тексерілуде. Сондай-ақ, жағдай шиелінісе түскен жағдайда төтенше жағдайлар бойынша өзара әрекеттесу мәселелері талқыланып, теміржолға жақын орналасқан автомобиль жолдарының жасанды ғимараттарының су өткізу қабілетінің жағдайы назарға алынып отыр, – дейді Жол және құрылыстар департаменті директорының күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары Саят Бакиров.

Оның айтуынша, бүгінде көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техникалар толық дайындалып, жанар-жағармай материалдарының апаттық қоры жасалған. Ал қазір көпір, құбыр саңылауларының қардан, мұздан, қоқыстан тазарту бойынша, сондай-ақ, тіреуіштерді мұздан тазарту, таудағы және су бұрғыш орды, жыраларды ашу, жер төсемінің жарамсыз телімдерін қардан толық тазарту жұмыстары қызу жүріп жатқан көрінеді.

Департамент өкілі, ағын суды өткізу барысында тәулік бойы жауапты тұлғалардың кезекшілікке тұратынын айтты, сонымен қатар темір жол инфрақұрылымының зақымданбай, тұтастығын сақтап қалу және ағын судың кедергісіз өтуін бақылау мақсатында қосымша тексерулер ұйымдастырылмақ екен.

Бүгінгі күнде 2845 текше метр қой тас пен 8000 кондициясыз темірбетон шпал дайындалып, 7 ағын суға қарсы пойыз жасақталған. Бұдан бөлек, 81 су қоймасы мен 7 ауылшаруашылық бөгеті тексеріліп, 1127 көпір, 2323 құбыр, 686 метр су бұру оры мен жыралары тазартылған.

Сұлугүл БАКЕСОВА


Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды