Транзиттік әлеуетті дамыту – басымдықта

Инфрақұрылым
03.09.2025, 16:11
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2023-2029 жылдар аралығында 11 мың шақырым теміржол учаскесін жөндеу көзделіп отыр. Соның 1480 шақырым жолына биыл жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы заманауи және ресурстарды үнемдейтін технологияларға, жоғары өнімділікке ие жабдықтар мен конструкциялардың, атап айтқанда желім болты және теңестіру түйіспелері, түйіспелерді алюминий термитті дәнекерлеу, айқастырмаларды балқыту сияқты тағы басқа жаңа түрлеріне көшуге басымдық беріп отыр. Дирекция мамандары алға қойып отырған негізгі міндеттер қатарында халық көп тұратын аудандарда жол бойына қоршау орната отырып, адамдардың пойызға басылып қалуы оқиғаларын мейлінше төмендету бар екенін айтады. Осы мақсатта Манкент – Қызылсай, Игілік – Қорғасын, Орал – Жилаево, Алматы-1 – Алматы-2 телімдерін қоршау көзделген. Бүгінде жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асатын үш жол аралығы мен 26 станция қоршалған. Болат жолдың бабын тауып, күтімін жасау да дирекцияның жол шаруашылығы мамандарына жүктелген жауапты міндет. Міне, осы міндетті тиісті мекемелер өз үдесінде орындап келеді. Оған биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жол жағдайы жоспарының 107% орындалып, «жақсы» деп бағалануы дәлел. Осы ретте бірінші кезекте жөндеу жұмыстары жол жөнделімін қажет ететін жүк жүктемесі жоғары телімдерде жүргізіліп жатса, екіншіден, рельстердің тозуы жоғарылаған жолдың қисық учаскелерінде атқарылуда. Мамандардың айтуынша, жолды уақытылы жоспарлау және күтіп ұстау шаралары пойыздардың қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ нысандарды жаңғырту және салу бойынша ұлттық жоспар аясында ірі жобаларды іске асырып, трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуға сүбелі үлес қосуда. Атап айтқанда, бұл жобалар – Достық – Мойынты теліміндегі екінші жолдар құрылысы, Алматы станциясы теміржол торабын айналып өтетін теміржол желісі, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз темір жолдары құрылысы. Бұдан бөлек, биыл Мойынты – Қызылжар теміржол желісінің құрылысы басталып, Бейнеу – Маңғыстау, Алтынкөл – Жетіген телімдерін жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар Қызылжар – Сексеуіл, Қандыағаш – Тобыл, Никельтау – Әлімбет, Ақсу-1 – Дегелең – Жаңа-Семей, Шалқар – Бейнеу телімдеріне автоблоктау енгізілмек.  

Дирекцияда теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында жолдың жай-күйін тәулік сайын бақылауды және анықталған ауытқуларды уақытылы жою үшін кешенді шаралар қабылданған. Осы ретте, жол шаруашылығы мамандары, жолдың жай-күйін бақылаудың тиімді әдістерінің бірі ретінде мобильді диагностикалық кешендерді (МДК) қолдану екенін айтып отыр. Өйткені бұл кешендердің нәтижелері әлсіз жерлерді анықтауға және дер кезінде шаралар қабылдауға, сонымен қатар жөндеудің бірінші кезектегі және жоспарлы түрлерін түзетуге және қалыптастыруға мүмкіндік береді екен. Ал жазғы жол жұмыстарының сапалы орындалуы өз кезегінде пойыздардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға ықпал етері анық. Мәселен, өткен жылы атқарылған шаруалар нәтижесінде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын 605 шақырымда, ал жүк және контейнерлік пойыздардың жүріс шапшаңдығын 405 шақырымда ұлғайту мүмкін болды. Биылдың өзінде жолаушылар пойыздарының жылдамдығын 142 шақырымда көтеруге қол жеткізілді. Бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Осы арада, теміржолшылар телімдердің өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ еліміздің транзиттік әлеуетін дамытумен қатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыра отырып, оның қатарында 2029 жылға дейін 200 станция мен жекелеген пункттерді жетілдіруді жоспарлап отыр. Оның ішінде биыл 21 станцияны дамыту жұмыстары қолға алынған.  

Магистральдық желі дирекциясы алдына үлкен міндеттер қойып отыр.  Олардың алғашқысы, екі деңгейлі контейнерлік пойыздардың жүруін ұйымдастыра отырып, трансқазақстандық теміржол дәлізі мегажобасын іске асыру шеңберінде іс-шараларды орындау болса, инфрақұрылым объектілерін ақылды локомотив, дрондар, скутерлер, қарда жүретін көліктер сияқты басқа да техникалар мен технологияларды қолдана отырып қарау бойынша жаңа тәсілдерді енгізу. Сонымен қатар солтүстік және батыс өңірлерде мамандандырылған көпір жасағын көшірудің екінші кезеңін іске асыру; арнайы жылжымалы құрамды жөндеу нормативтерін қайта қарау; материалдық базаларды тиімді басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және енгізу жоспарланып отыр.  

 

Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Жолаушылар тасымалы
02.06.2026
Жолаушылар енді пойыз қозғалысын онлайн бақылай алады
Әлеумет
02.06.2026
Теміржолшылар елді мекенінде жаңартылған гүлзар салтанатты түрде ашылды