Жарақат жарға жықпасын десек

Инфрақұрылым
20.04.2019, 08:24

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жыл сайын өндірістік жарақат жағдайын орташа есеппен тұрақты 1,5% деңгейде төмендетуге қол жеткізіп келеді. Бұл нәтиже аз ба, көп пе, мәселе онда емес, мәселе Ұлттық компания жұмысшылар еңбегін қорғауға және қауіпсіздікке үлкен күш-жігер жұмсап, кешенді іс-шараларды жүзеге асырып отырғанында.

Дейтұрғанмен, өндірістік жарақат деңгейін төмендету бағытында көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығына қарамастан, әлі де шешімін таппай, қордаланған мәселелер жеткілікті. Бұл мәселе үстіміздегі жылдың 28-29 наурызы аралығында Атырау қаласында өткен «Біздің қауіпсіздігіміз – біздің өміріміз!» атты бас инженерлердің форумында да жанжақты талқыланды. Сол айтулы жиынның басы-қасында болған «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев өз баяндамасында соңғы он жылда өндірістік жарақат деңгейінің кеми түсуін өндіріске енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен байланыстырды. 2018 жылы Компания және оның еншілес кәсіпорындарында өндірістік жарақат деңгейін 28-ге кемітуге қол жеткізілсе, бұл арғы жылмен салыстырғанда 6 жағдайға кем екен. Әйтсе де, жарақат алу жағдайларын айтарлықтай төмендету қиынға соғып тұр. Оның негізгі себептері – қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, еңбекті қорғау ережелерінің еленбеуі, жұмыс берушінің жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмауы және тағысын тағылар. Немістің қауіпсіздікті басқарудың Хайнрих саралау жүйесіне жүгінсек, негізінен қауіпсіздік – бұл тоқтамайтын процесс, оның ең басты мақсаты – қауіпті іс-қимыл мен жарақатқа жол бермеу.

Өйткені кез келген жарақат төменгі деңгейдегі қайталана беретін іс-қимылдардың жиынтығынан құралатыны заңдылық. Хайнрих жүйесі 5 пирамидалық деңгейден тұрады де сек, оның ең төменгі деңгейі қауіпті іс-әрекеттер (қорғаныш көзәйнегі мен белбеуді тақпау, бұзылған құралжабдықпен жұмыс істеу және тағысын тағылар) деп аталады. Мыңдаған майда іс-әрекеттер жинақтала келе қайғылы жағдайға алып келетіні дәлелденген. Олай болса, жарақат алмаудың бас-ты жолы, сол мыңдаған қауіпті іс-әрекеттерге жол бермеу десек, оны бірі сақтауы мүмкін, ал кейбірі тіпті ескеріп, елемейді де. Реті келгенде саладағы жарақатқа үш мамандық: жол монтері, пойыз құрастырушысы және локомотив машинисінің көмекшісі бейінді келеді десек, жалпы жарақаттың жартысына жуығы осылардың еншісін де. Тексере келгенде кейбір ұйым басшыларының еңбек қауіпсіздігіне селқос қарауынан болса, көпшілігінде жұмысшылардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейтіндігі көңілді құлазытпай қоймайды.

Бұдан басқа, 78 қайғылы жағдайдың 59 жағдайы өндіріспен байланысты еместігі анықталып отыр. Кезекті медициналық тексерістен өткен кейбір қызметкерлердің жұмыс орындарында жантәсілім еткен 25 жағдайы тіркеліпті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскендігін көрсетеді. Бұдан туындайтын қорытынды, медициналық қызмет сапасының сын көтермейтіндігі.

Нөлдік жарақат жағдайын құруға бағытталған әлемдік тенденция мен қалыптасқан жылдық қорытындылар 2019 жылдың негізгі міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді. Ең бастысы, жарақатпен байланысты процестердің толық ашықтығына қол жеткізу. Мінсіз еңбек етуі үшін жұмысшыларды ыңталандыру жүйесін қайта қарастыру қажет. Жұмысшыларға қауіпті жұмыстарды тоқтатуға құқық беретін «Менің өмірім» бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру – уақыт талабы. Уәкілетті органның нормативтеріне сәйкес ҚжЕҚ мамандар штатымен толықтыру. Бұл ретте Компания тарапынан заңнамамен, уәкілетті органдардың актілерімен, Қормен және Кәсіподақпен бекітілген қауіпсіз жұмыстың негізгі шарттары жан-жақты ескерілгендігін айта кеткен орынды. Шаруашылық жетекшілерінде қауіпсіз еңбек жағдайын қолдау үшін қажетті құралдар жеткілікті.

Сондықтан да басшыларға, мамандарға, толықтай еңбек ұжымына белгіленген жоспарды орындау үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауы тиіс. Және де әр шаруашылыққа нөлдік жарақат стратегиясын жүзеге асыру мақсатында өз бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұдан басқа, форумдар, конференциялар ұйымдастыру, БАҚ байланыстарды нығайту мәселесі де күн тәртібінде тұр. Мамандандырылған мердігерлердің нақты талаптарды қамтыған жұмыс орындарын аттестациялауды ұйымдастыруды бірыңғай корпоративтік тәртіпте жүзеге асыруы көзделген. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексерулермен қамту, медициналық қызмет сапасына талаптарды күшейту жағы да назардан тыс қалмады. Бұның барлығы да орын алуы ықтимал жарақаттарды болдырмаудың алғышарттары саналады. Жарақат жарға соқтырмасын десек, бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізу уақыт талабы болып отыр. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады