ҚТЖ күрделі жөндеу бастады

Инфрақұрылым
23.04.2019, 15:31

Көктем келіп, күннің жылынуы темір жол саласында да қауырт жұмыстың көрігін қыздыруда. Әсіресе, қысы-жазы ашық аспан астында жұмыс істейтін жолшылар үшін жылы мезгілдің әрбір қолайлы күнін қалт жіберіп алмау – парыз. Биыл да балластық призмалар тоңының жібуімен темір жолдарды сауықтыру жұмыстары басталып кетті...

Биылғы жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы бойынша 401, 284 км жол күрделі жөндеуден өтуі жоспарланған. Ал жалпы күрделі жөндеу, күшейтілген орташа жөндеу және орташа жөндеу көлемін қоса алғанда, барлығы 734,03 км жол табанын сауықтыру жоспарланып отыр. Жол және құрылыстар департаментінің мамандары, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жолдар темірбетонды негізге көшіріліп, толыққанды жаңғыртудан өтетінін айтады. 

Бұл өз кезегінде пойыздардың қозғалыс жылдамдығын мен қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар ағымдағы жылы 110,3 км жол күшейтілген орта жөндеуден, ал 132,64 км жол орташа жөндеуден өтетіні белгілі болды. Жолдарды сауықтыру бағдарламасы шеңберінде 31 шақырымнан астам жолдың рельс бунақтарын тұтастай ескі жарамды түрлеріне алмастыру көзделген. Ал 36,547 км жолда рельстер ескі жарамды түріне алмастырылмақ. 11,752 км жол бойында рельстік тіреуіштерді тұтастай алмастыруға қатысты жөндеу жұмыстары орындалмақ.

Сондай-ақ, СМД-80 арнайы машинасының көмегімен 10,21 км жолға күшейтілген орта жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Күрделі жөндеу жұмыстары күн  ертерек жылынатын өңірлерде басталып кетті. Үстіміздегі жылдың 9 сәуірінен бастап Қазалы, Бескөл, Жаңаарқа, Маңғыстау жол дистанцияларына қарасты телімдерде күрделі жөндеу жұмыстарын орындау бойынша технологиялық толаскездер беріліп жатыр.

Қазір мердігерлік тәсілмен 17,02 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болған.

– Ағымдағы жылы жоспар бойынша 401,286 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуі тиіс дедік. Соның 346,584 шақырымына аталған жөндеу түрі ердігерлік тәсілмен, ал қалған 54,7 км жолға шаруашылық тәсілмен жүргізілмек. Жөндеу жұмыстарына қатысты ашық тендер жарияланып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бүгінде мердігер ұйымдармен 258,71 км жолға күрделі жөндеу жүргізуге қатысты келісімшарт жасалды.

Соның ішінде 113,7 км жол «Теміржол жөндеу» ЖШС-на тиелісі болса, 145,01 км бұрынғы «Жол жөндеуші», қазіргі атауы «Integra Construction KZ» ЖШС еншісінде.

Бұл екі кәсіпорын теміржол салуда, рельсті жолдарға әртүрлі жөндеу түрлерін жүргізуде тәжірибесі мол, техникалары жеткілікті және де кәсіби  мамандары бар кәсіпорындар. Талай жыл ҚТЖмен серіктесе жұмыс істеп келе жатқан, жаңа жолдарды салған сенімді кәсіпорындар деуге болады. Сондықтан биылғы жөндеу көлемі де кестеге сай орындалып шығады деген үміттеміз. Сәуір айының өзінде 31,7 км жол күрделі жөндеу көрмек. Бұл айдағы көп көлем, яғни 26,7 км «Теміржол жөндеу» кәсіпорыны еншісінде болса, «Integra Construction KZ» ЖШС-де – 5 километрді құрайды, – деп атап көрсетті Жол және құрылыстар департаменті директорының күрделі жөндеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Саят Бакиров.

Шаруашылық тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарына «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы – Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы жұмылдырылмақ. Бұл мекеменің де күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жолға отандық материалдар, яғни қазақстандық темірбетонды шпалдар, Ақтөбе рельсарқалық зауытынан шыққан Р-65 типіндегі рельстер пайдаланылатын болады.

Темір табанды жолдардың сенімділігін арттырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуге бағытталған жол шаруашылығын сауықтыру жұмыстары аймақтарда жаз бойы жалғасатын болады. 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты