Күрделі жөндеу: бір шақырымнан астам жол салынды

Инфрақұрылым
18.06.2019, 12:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы оңтүстікте ерте көктемде басталған күрделі жөндеу күн жылына басқа да аймақтарда жалғасып, күзге дейін Қазақстан темір жолының 428 шақырым темір табанды жолы күрделі жөндеуден өтер болса, 151 шақырым орташа жөндеу, 130 шақырым жол күшейтілген орта жөндеуден өткізіліп, жаңартылып-жаңғыртылмақ. 

Қызылорда жүк тасымалына қарасты жол телімдерінде жолды сауықтыру жұмыстары наурыз айынан бері жүргізіліп келеді. Өткен аптада ЖТ бөлімшесінің Аралқұм-Шөміш-Қамыстыбас станциялары аралығындағы 28,3 шақырымдық тақ жолдың күрделі жөндеу жұмыстарының 36 сағатқа белгіленген соңғы толаскезінде 1030 метр жол са лынды. Отандық Р-65 маркалы рельстер салынған күрделі жөндеу жұмыстары Қамыстыбас станциясында жасалынды. Күрделі жөндеу жұмыстары Белкөл ПМС-інің директоры Айдарбек Әбілдаевтың басшылығымен жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын Қазалы жол дистанциясының бас инженері Сәбит Денеев, дистанцияның 1-участогының жетекшісі Кеулімжай Жақапов және станциядағы өзге де теміржол мекемелерінің теміржолшылары жөндеу жұмыстарының сапалы өткізілуіне өз үлестерін қосты.

– Бүгінгі толаскезде 50 шақты жол монтері, механизаторлар, басшылар, жалпы жүзден астам теміржолшы мен техника, бекеттегі ПЧ, ЭЧ, ШЧ секілді өзге мекемелердің еңбеккерлері жолдың техникалық талапқа сай салынуына жұмыс жасауда. Екі УК-25-9/18 кранымен рельс пакеттерін алу және жаңасын төсеу жүргізілсе, 2 грейдер жолды тегістеп, SD22 және Ч2К маркалы ауыр және өзге көлемдегі 6 дана трактор жол төсемін сүру-төсеу жұмыстарына, ВПО, ШОМ және РМ секілді арнайы жол машиналары да жұмылдырылған, – деп атап өтті Белкөл ПМС-інің директоры Айдарбек Әбілдаев.

Толаскез станциялық жолдарда жүргізіліп жатқандықтан жол төсемдері арнайы жол машиналарының көмегімен төселіп, тазаланып, техникалық талапқа сай жасалады. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде бекеттен кесте бойынша өткізілетін пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ.

Жалпы, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша биылға жоспарланған Аралқұм-Шөміш-Қамыстыбас станциялары аралығындағы 28,3 шақырымға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Одан кейінгі кезекте арнайы жол техникаларының көмегімен жазғы жол жұмыстары – тегістеу, түзету, бекіту, нығыздау, ажарлау, рельстерді дәнекерлеу сынды жұмыстар жүргізілмек. 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды