Шығынды азайтқан шаралар

Инфрақұрылым
11.10.2019, 11:14
Оқуға 4 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы жылдың тоғыз айы мәресіне жетіп, ел өңірлеріндегі жүк тасымалын ұйымдастырушы бөлімшелер үш тоқсанда атқарған жұмыстарының қорытындысын шығаруда. Солардың қатарындағы Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі есепті мерзімде негізгі 16 пайдалану көрсеткішінің 15-ін толық орындап шығып, тоғыз айда таза табысқа жетіп отыр.

Осы ретте, негізгі қорды құрушы көрсеткіш – жүк айналымының 100,6% орындалып, өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда көрсеткіш жақсарып, 104,7%-ке шығып отырған екен. Бөлімше бойынша жүк тиелімі жоспары да межесінен асып түсіп 100,5%-ті құраса, статистикалық жүктеме мен локомотив жүрісі 101 және 102,3%-терге, локомотивтің өнімділігі 102,3, техникалық жылдамдық 100,7, телімдік жылдамдық 100,8, сондай-ақ, 1-жүк операциясы кезіндегі вагонның тұруы 101,3, жергілікті вагонның айналымы 102,7%-терге жетіп жығылған. Тек қана бір көрсеткіш, динамикалық жүктеменің орындалуы 99,9% құраған.

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің шұғыл-тарату бөлімінің бастығы Расул Боратаев ұсынған мәліметке сүйенсек, Ерей ментау – Бурабай курорты – Ерейментау, Ерейментау – Атбасар – Ерейментау полигонында локомотив бригадаларының қызмет көрсету иіндерін ұзартып және локомотив айналымына «сквозной» – яғни толассыз өткізу принципін енгізу, сайып келгенде, Нұр-Сұлтан станциясында пойыздардың кідірісін болдырмай, локомотив жүрісін, локомотив өнімділігін жақсартуға мүмкіндік берген.

Локомотив паркін пайдалану көрсеткіштерінің жай ғана орындалып қоймай, өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда әлдеқайда жақсара түскенін Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің локомотив шаруашылығы бөлімінің бастығы Мұхтар Балғоженов та растап отыр. «Компания басшылығының локомотив паркін ұтымды пайдалану және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге қол жеткізу туралы талабы, «тарта жесең тай қалады» деген халық даналығымен ұштасып жатыр. 

Әрине, мұны жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы бірауыздан қолдап, осы бағытта аянбай жұмыс істеді. Нәтижесі де жемісті. 9 айдың қорытындысына сүйенсек, 86 тонна шамасында дизель отынын үнемдеуге қол жеткізіппіз. Ұжым алдында тағы бір маңызды міндет тұрды, ол дизельді отынның үлестік шығынын төмендету еді. Енді қараңыз, біз 9 айда жоспарлы 37,36 кг/өлшеуіштегі дизельді отынның үлес шығынын 37,01 кг/өлшеуішке дейін төмендете білдік. Біле білген адамға бұл – шын мәнінде, өте күрделі жұмыс. Біз бұл жетістікке локомотив паркін пайдалануды жақсарту есебінен қол жеткіздік. Осы арада бұл мәселеге қатысты мынадай факторлар: атап айтқанда, айналым пункттерінде локомотивтердің тұруын төмендету, аралық станцияларда пойыздардың кідіруін төмендету, пойыздың орта салмағын көтеру, жүк пойыздарының құрамдылығын қамтамасыз ету сынды тағысын тағы мәселелер Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Айнабек Жукашевтің тікелей бақылауында болып, тәулік сайын қарастырылып отырды. Сондайақ, маневрлік және магистральдық тепловоздарды тек жұмыс көлеміне қарай пайдаландық. Осындай іс-шаралардың арқасында бөлімше ұжымы тәп-тәуір табысқа қол жеткізіп отыр», – деп ой бөлісті Мұхтар Балғоженов.

«ҚТЖ» ұлттық компаниясының кірісін көбейтуге үлес қосу мақсатында Ақмола ЖТ бөлімшесінде іс-шаралар әзірленіп, онда өндірістік емес шығыстарды қысқартуға және қаржылық шығындарды азайтуға басымдық беріліпті. Мысалы, локомотивтердің тежегіш табандықтарын сынақтан өткізетін стендтің қолданысқа берілгенін айтар едік. Бұл өз кезегінде машинистер кранын сол жерде, яғни Көкшетаудың өзінде сынақтан өткізуге мүмкіндік беріп отыр, сондықтан бұдан былай Ерейментау станциясында орналасқан жөндеу депосына ат сабылтудың қажеті болмай қалды. Ендігі кезекте жылдамдық өлшеуіштерді тексеру бойынша стендті іске қосу мәселесі тұр. Ертеректе жылдамдық өлшеуіштерді Құсмұрын станциясына апарып, ондағы жекеменшік жөндеу кәсіпорнының табалдырығын тоздыруға тура келетін. Бұл мәселе де көп кешікпей шешімін таппақ.

Мұхтар Балғоженов жөндеу цехындағы тағы бір жетістікке доңғалақ жұптарын қайрап, жұмырлайтын станоктың іске қосылғанын атап өтті. Жұмырдай ғана станок локомотивтерді Астана жөндеу депосына және Жаңаесіл станциясында орналасқан Феникс кәсіпорнына жөнелту проблемасына нүкте қойып берген. Сондайақ, мұның Компания шығынын едәуір қысқарта түсетінін есептей беріңіз. Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің мамандары осылай, елге де, өздеріне де шарапатын тигізіп отырған жобалардың тұсауын кескен. Енді төртінші тоқсанға межеленген шара – реостатты іске қосу. Және де бұл жұмыстардың бәрі жөндеу цехының позициясын едәуір нығайта түсері анық.

Бүгінде аймақта жөндеу кәсіпорнының жоқтығын ескере отырып, Ақмола ЖТ бөлімшесінің басшылығына «Altyntau Kokshetau» АҚ басшылығы локомотивтерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін ұсынған ұсыныспен шығыпты. Қыркүйек айында олар бірінші рет маневрлік тепловозды жөндеп беріп, осындай жұмыстарды әрмен қарай жалғастыру үшін жыл соңына дейін шарт жасасқан екен. Қысқасы, Ақмола бөлімшесі қаржылық тұрақтылықты жақсартудың өзге де тиімді жолдарын қарастырып, игілікті істерін жалғастыруға дайын. Бүгінде торап қызметкерлері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығы қол қойған Көкшетау станциясына УЗОТ құрылғысын орнату туралы шешімін орындау үшін шаралар қабылдауға жұмыла кіріскен. Бұл пайдалану шығындарын қысқартуға және Көкшетау станциясының өткізу қабілетін жақсартуға ықпал ететін күшті серпін болмақ.

«Астық және астық өнімдері сынды массалық жүк тиелген вагондарды жеделдетуді қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Ақмола ЖТ бөлімшесінің станцияларынан астық маршруттарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл тікелей пойыздарды қалыптастыру кезінде вагондардың жиналуына кететін уақыт шығынын болдырмауға мүмкіндік береді, жүктерді жеткізу мерзімін едәуір жеделдетіп, сондайақ, бірқатар жол-жөнекей сұрыптау стан- цияларында вагондарды қайта өңдеуді жою арқылы құралдарды сақтауға көмектеседі», – деп сөз түйіндеді Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің шұғыл-тарату бөлімінің бастығы Расул Боратаев. 

Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді