Алтынкөл станциясымен танысты

Инфрақұрылым
19.06.2020, 09:21
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы облысындағы Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан Алтынкөл станциясында Қаржы вице-министрі Руслан Енсебаев жұмыс сапарымен болды.

Алтынкөл станциясының басшысы қонаққа бекеттің заманауи инфрақұрылымы, жүк және контейнерлік пойыздарды қабылдаужөнелту бойынша технологиялық процесі туралы әңгімелеп берді.

Вице-министрге қайта тиеу, соның ішінде ауыр салмақты және габаритті емес, ақтарылма және сусымалы жүктерге арналған терминалдар көрсетілді. Жетіген мемлекеттік шекара теліміндегі 293-шақырымда орналасқан Алтынкөл станциясы кластан тыс жүк станциясы болып табылады.

Мұнда қазіргі заманға сай инфрақұрылым салынып және вагондарды шапшаң қарап шығу үшін озық технологиялар енгізілген.

Станция пойыздар мен вагондарды бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен, "Инспекциялық тексерме кешенімен" және "Янтарь" жүйелерімен жарақтандырылған.

Бұл жүйелер кедендік қызметтердің өкілдерімен жүктерге бақылауды және радиацияның ұйғарынды деңгейінің болуын шұғыл тексеруге мүмкіндік береді.

Алтынкөл станциясы – "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймақты құру жобасымен технологиялық байланыстағы стратегиялық нысандардың бірі.

Бұл жобаның басты мақсаттары тиімді көліктік-логистикалық және индустриалдық хабты құру, өндіріс және өткізудің жалпыәлемдік жүйесіне қазақстандық өнімдерді интеграциялауды жүзеге асыру, сондайақ, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнімдерді құру болып табылады.

Станцияда кірме-қайта тиеу терминалдарының инфрақұрылымдық қуаттылығын дамыту, сондай-ақ, Еуропа және Орталық Азия елдеріне, Қазақстанға Қытайдан жол тартқан пойыздардың кідіріп қалуын болдырмау бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.

Жұмыс сапары кезінде вице-министр Алматы облысының Қорғас МЦПС, Алтынкөл-жол, "Нұр жолы" терминалдық пункттері сияқты шекаралық посттарды аралап көрді. Уақытша сақтау қоймаларында жүктерді орналастыру және шоғырландыру, кедендік декларациялау мәселелеріне де айрықша назар аударылды. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады