Шекаралық станциялар – транзиттік әлеуетті арттыру дәлізі

Инфрақұрылым
03.12.2020, 21:05
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттерімен шекаралас жатқандықтан, шекара маңындағы теміржол станцияларында жұмыс тәулігіне 24 сағат қайнап жатады. Әрине, бұл станциялардағы жұмыс өте жауапты екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, шекаралық станциялардың дамуы жақын маңдағы елді мекендер инфрақұрылымын кеңейтуге әсер етеді.

Бүгінде халықаралық көлік дәліздерінде орналасқан шекара маңы станцияларының инфрақұрылымын дамытуға қатысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ әзірлеген кешенді жоспардың арқасында станциялар мен жақын маңдағы елді мекендердің әлеуметтік ахуалы жаман емес деуге бол а д ы . Ұлттық компания халықаралық теміржол тасымалын жетілдіре отырып, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар ел экономикасының өсуіне көмектесуде. 

ДОСТЫҚ – ЖОБАЛЫҚ СЕРПІЛІС КЕЗЕҢІНДЕ 

Қытай елімен шекаралас орналасқан Достық станциясында қазір жобалық серпіліс кезі. Биылғы 2020 жыл станция үшін ерекше жыл. Өйткені, отыз жыл бұрын Қазақстан мен Қытай темір жолдары осы бекетте тоғысып, станция екі ел достығының символына айналды. Тарихқа терең үңілсек, дәл осы жерде «Қытайға қақпа» соғу идеясы кеңес заманында пайда болып, біртіндеп жүзеге асырыла бастаған-ды.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдары комсомолдық жолдамалар бойынша Достық деген символикалық атаумен станция салуға жастар көптеп жіберілді. Жастардың тынымсыз әрі сапалы еңбегін айқындайтын нысандар әлі күнге жұмыс істеп тұр. Алайда, КСРО мен ҚХР арасындағы дипломатиялық ұзақ дау-дамайдың салдарынан бір кездері Достық станциясының құрылысы тоқтап, оның орнын сарықұм басқан кездер де болды. Тек  тәуелсіз Қазақстанда қазақ-қытай елдерінің көліктік ынтымақтастығы жаңаша дамуға бет бұрды. «30 жыл бұрынғы оқиғалар – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және 1990 жылғы 12 қыркүйекте екі елдің теміржол желілерін бір желіге байланыстыруы Ұлы Жібек жолы тарихындағы бұрылыс нүктелерінің бірі болды. Елдер арасындағы темір жол қатынасын дамыту содан бері ілгері жылжып келеді.

Оның айқын бір дәлелі, осы уақыт ішінде мемлекеттік шекараның екі жағында барлық қажетті инфрақұрылымы бар заманауи Достық және Алашанькоу станциялары қалыптасты, жұмыс көлемі өсті, «Нұр-Сұлтан-Үрімші» және «Алматы-Үрімші» тұрақты жолаушылар қатынасы жолға қойылды», – дейді екі ел ынтымақтастығы бағытында атқарылған жұмыстар туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, интеграциялық үдерістерді қамтамасыз етуде, Еуропа мен Қытай елдері арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуда үлкен әлеуетке ие Достық станциясы үш халықаралық көлік дәлізін байланыстырады. Оның географиялық жағынан тиімді орналасуы Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдардың табысты дамуына ықпал етуде. Мәселен, Еуропа-Қытай қатынасындағы жүктер өтетін Достық шекара өткелінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оның шеңберінде «Достық-Мойынты теміржол көлік дәлізін жаңғырту» жобасы қолға алынды. Уақыт өте келе Достық темір жол станциясын кеңейту мен жаңғырту жоспарланып отыр, яғни жолды күрделі жөндеуден өткізу, темір жол инфрақұрылымының бірқатар объектілерін, оның ішінде тар табанды екінші басты және қабылдау-жөнелту жолдарын салу. 

Сонымен қатар жеке инвестицияларды тарту есебінен жаңа жүк тиейтін контейнерлік терминалдар салып, қолданыстағыларын қайта құрылымдау көзделуде. 

Осының барлығы пойыздарды қабылдау және тапсыру кезінде өңдеу уақытын қысқартуға, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту аяқталғаннан кейін Достық-Қарталы бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 1300 км-ге дейін артады деп күтілуде. Ал Қытаймен шекарадағы транзиттік өткізу пункттерінің қуатын арттыру үшін 2021 жылы Достық және Алтынкөл станцияларын дамытудың бас жоспарлары әзірленбек. Еске сала кетсек, биыл қараша айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «DostykTransport ation&Logistics» ЖШС арасында Достық станциясында терминал құрылысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл – терминалдар құрылысы бойынша Достық станциясын дамыту шеңберінде жеке компаниялар іске асырып жатқан төртінші жоба. Достық станциясында Қытайдан келетін контейнерлерді өңдеу бойынша жаңа терминалдар салу контейнерлерді өңдеуді жылына 1 миллион контейнерге (ЖФЭ) дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты