Сарыағаштың жүгін жеңілдетпек

Инфрақұрылым
03.12.2020, 21:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан темір жолдарында Өзбекстанға транзиттік тасымалдардың негізгі жүк ағыны Сарыағаш станциясы арқылы өтеді. «Өкінішке орай, Сарыағаш мемлекетаралық түйісу станциясы өткізу қабілетінің шыңында жұмыс істеп тұр.

Жергілікті жердің тар болуына және жер учаскелерінің тапшылығына байланысты станцияның одан әрі дамыту мүмкіндігі болмай отыр. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін арттыру үшін «ҚТЖ»ҰК» АҚ ДарбазаМақтаарал жаңа теміржол желісін дамыту мәселесін қарастыруда. Бұл Сарыағаш-Ташкент учаскесінен жаңа тармаққа жүк ағынын қайта бөлуге мүмкіндік береді және Түркістан облысының шекара маңы өңірінің дамуына серпін береді», – дейді Қанат Әлмағамбетов. 

Осы ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Өзбекстан темір йуллари» АҚ арасында жаңа теміржол желілерін салу арқылы транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану және оны дамытудың оңтайлы нұсқаларын зерделеу үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын айтар едік. Уағдаластық шеңберінде жаңа бағыттардың ойға қонымдылығы туралы ұсыныстар дайындау, негізгі өндірістік және экономикалық көрсеткіштерді анықтау бойынша жұмыс тобы құрылды. 

БАТЫСТАҒЫ ТҮЙІСУ БЕКЕТТЕРІ

Ресеймен шекаралас Илецк-1 теміржол станциясы еліміздің батыс өңірінде орналасқан. Ол Ресей аумағында орналасқанына қарамастан, шаруашылық жүргізу объектісі ретінде Қазақстанға заңды түрде тиесілі. Илецк станциясы – Ресей мен Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін дамытудағы негізгі буын. 

Қытай-Еуропа контейнерлік тасымалдарын кедергісіз өткізу және өткізу қабілетін арттыру үшін мұнда екі қабылдау-жөнелту жолының құрылысы және қолданыстағы №29 қабылдау-жөнелту жолын ұзарту жоспарланып отыр. Батыс аймақтағы келесі бір станция Ганюшкинода қазір қызу жұмыс жүріп жатыр, мақсат – теміржол өткізу пунктін Ганюшкино станциясынан Дина Нұрпейісова атындағы разъезге ауыстыру. Теміржолшылар бұл шекаралас станциядағы экономикалық өрлеудің әлі алда екеніне сенімді. Әзірге өткізу пункттері инфрақұрылымының негізгі бөлігі күрделі салымдарды қажет етіп отыр. «Ел Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы) қағидаларына, сондай-ақ жұмысын техникалық жарақтандыру және ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкес өткізу пункттерін одан әрі күтіпұстаудың көліктік, инженерлік және әлеуметтіктұрмыстық инфрақұрылымын құру және дамыту, сондай-ақ, онда мемлекеттік бақылау органдарының бөлімшелерін қалыптастыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оларға сәйкес өткізу пункті объектілерінің құрылысы мен жайластырылуына қатысты тапсырыс берушінің функциялары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелген», – дейді бұған қатысты Қанат Әлмағамбетов.

Атап өтерлігі, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық теміржол өткізу пункттерінің техникалық жабдықталуы қойылған міндеттерді орындаса да, уақытпен бірге жүруге мүмкіндік бермей отыр. Өйткені, өткізу пункттері инфрақұрылымының негізгі бөлігі күрделі салымдарды қажет етуде.

Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты