Биыл 582 шақырым темір жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған

Инфрақұрылым
21.09.2021, 11:43
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басымдық беріп отырған бағыттарының бірі – теміржол инфрақұрылымын дамыту. Биыл жоспар бойынша Қазақстан темір жолы бойынша 582 км жолды күрделі жөндеуден өткізу межеленген, деп хабарлайды Rail-news.kz. Қазіргі таңда жоспардың 70% астамы орындалған. Күздің жаймашуақ мезгілін пайдаланып жолшылар алдағы айда да жұмыс көрігін қыздырып, жоспарлы межеге жетеді деген сенім бар. Күрделі жөндеу қара күзге дейін жалғасатынын ескерсек, материал жеткілікті болса, қалған отыз пайызды орындауға ештеңе кедергі емес. Жолға жөндеудің күрделі түрін жасауға тәжірибелі кәсіпорындар «Теміржол жөндеу» мен «Integra Construction KZ» ЖШС-лары және Ұлттық компанияның филиалы Ағадыр ПЧМ жұмылдырылып отыр. Жұмыстар үстіміздегі жылдың сәуір айында оңтүстік өңірде басталған еді. Жолдарға күрделі жөндеу арнайы әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес екі тәсілмен жүргізілуде. Оның бірі SMD-80 техникасының көмегімен балласты тазалай және үстінен толықтыра отырып, шпалдарды ауыстыру, сонымен қатар RM-80, ХДВ, ЭЛБ, ВПО-3000, Duomatic, DGS, PBR машиналарының кешенін қолдана отырып, рельстерді түйіспесіз рельс иіндеріне ауыстыру болса, екінші тәсіл, жаңағы ауыр машиналар кешені мен УК25/9-18 кранын пайдалана отырып, рельстерді, шпалдар мен балластарды тұтастай алмастыру болып отыр. Жүрістің бір қалыпты болуын қамтамасыз ету үшін ПРСМ рельс дәнекерлеу машинасын қолдана отырып, учаске блогына дейінгі түйіспесіз рельс иіндеріне дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жұмыстар штаттық режимде, кідіріссіз өтуде. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы қабылданған шаралар аясында барлық қауіпсіздік ережелері сақталып отыр. Бүгінде жөндеу жұмыстары жоспарға сай атқарылуда», – деп ақпаратпен бөлісті Жол және құрылыстар департаментінің өкілі Ильвир Нагаев.

Осы ретте, ел теміржолдарын жаңғырту жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігін арттырумен қатар қозғалыс жылдамдығын ұлғайтуға бағытталып отырғанын атар едік.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті