«Биылдан бастап кейбір мамандық иелеріне 55 жастан демалысқа шығуға компания мүмкіндік беріп отыр»...

Сұхбат
16.02.2024, 10:52
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық көрсеткіштері негізінен қызмет көрсету арқылы тапқан табысына байланысты. Темір жолда ол тасымал арқылы көрінеді. Атырау қосалқы бөлімінің бүгінгі күнгі табысы, қаржылық жағдайы туралы бөлім бастығының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Мұрат Жүгінісов баяндайды.

– Мұрат Терекбайұлы, былтырғы жылы бөлімшенің қаржылық жағдайы қалай болды, тасымал деңгейі қай деңгейден көрінді?  

– Қосалқы бөлімде табыс негізінен мұнай өнімдерінің тасымалы арқылы түсетінін білесіз. Жалпы елімізде пойыз тасымалына деген сұраныс та, қажеттілік те, мүмкіндік те көп қой. Былтырғы жылы негізгі қызметтен 79 млрд теңгеге жуық табыс тауып, жоспар 102%-ке орындалды. Оның ішінде пойыз тасымалынан түскен, локомотив тартымынан, қосымша жинақтан және қызметтің қосымша-көмекші түрінен түскен табыстар бар. Соңғысынан 866 млн теңгеден астам кіріс кірді. Ол бағытта біздің тауар кассирлері сырт мекемелерге қызмет көрсетеді, кеңсе жалға беріледі, т.б. Сондай-ақ ағымдағы ағыту-жөндеу қызметі арқылы да, яғни вагондарға қызмет көрсету-жөндеу негізінде жақсы қаржылық нәтижеге қол жеткізілді.  

– Ол көрсеткіштер жұмысшылардың табысына, еңбек жағдайына әсер ете ме?  

– Әрине. Қазірі таңда бөлімде 2262 адам еңбек етеді. Бүгінде жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы жоспар бойынша 417 248 теңге болса, іс жүзінде 506 846 теңгені құрады. Еңбек өнімділігі жүз пайызға жуық орындалып отыр. Зейнеткерлер де назардан тыс қалған емес. Еңбек шартына сәйкес берілуі тиіс материалдық төлемнің барлық түрі төленіп отыр. Мәселен, тек шипажайларда демалуға 52 зейнеткерге 8 млн 163 мың теңге бөлінді.  

– Зейнеткерлікке ерте шығу жайы қалай және олар қандай жәрдемақы ала алады?

– «Жасына сәйкес салалық жәрдемақы» ережесіне сәйкес биылдан бастап кейбір мамандық иелеріне (машинист, пойыз құрастырушы, вагон қараушы, жолшы, т.б.) өз өтініші негізінде 55 жастан демалысқа шығуға компания мүмкіндік беріп отыр. Олар кемінде 208 мың теңге аралығында ай сайынғы жәрдемақы алады. Оларға ол төрт жерден: жұмыс беруші, әлеуметтік қор, БЖЗҚ және жеке жинағы арқылы төленеді. Жалпы, айта кетерлігі, биыл АЕК көлемі 3692 теңгеге өсуіне байланысты жұмысшыларға да, зейнеткерлерге де көрсетілетін әлеуметтік қоржын көлемі де артып отыр. Мәселен жаңа ұжымдық шарт бойынша сәбилі болу, некеге тұру, мүгедектікке байланысты, т.т берілетін көмек бірнеше есеге өскен.  

– Былтырғы жылы жұмысшыларға қандай көмектер көрсетілді?  

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясының шешімі бойынша былтыр 31 жұмысшыға 2 млн 119 мың теңге көмек берілді. Оған қоса ұжымдық шартпен қарастырылған сәбилі болғанға байланысты, мүгедек-балаларға, ауған ардагерлеріне, балаларды қорғау күні, 1 қыркүйек, отбасы күні, санаторийде демалуға, т.б. материалдық көмектер берілді. Шалғай станцияларда балаларға жаңажылдық ертеңгілік өтпейтіндіктен 687 балаға 1 млн 390 мың теңге көлемінде қаржы таратылды. Қорыта айтқанда, өткен жылда барлығы 220 млн теңгеге жуық қаражат жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бөлінді. Қысқасы, экономикалық көрсеткіштер көтеріңкі болса, теміржолшылардың жағдайы да жақсара түспек.

 

Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді