Қазақстанда жасалған...

Сұхбат
31.10.2025, 10:20
Суретті түсірген Сара САХЫНБЕК
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалы» филиалының директоры Жамбыл Байділдиновпен компанияның жоспарлары мен жаңалықтары, хаб жүйесі қағидаты бойынша қала маңы тасымалын дамыту төңірегінде сұхбаттастық.

– Жамбыл Есенұлы, биылғы жазда пайдалануға берілген Burabay Express электропойызының атына жақсы да жағымды пікірлер көп естідік. Құрамның ерекшелігі неде?  

– Burabay Express № 888/887 электропойызы Петропавлда халықаралық стандарттар бойынша құрастырылды. Ол елорданың екі вокзалынан аттанып, екі жарым сағаттың ішінде жолаушыларды Бурабайға жеткізеді. Құрамында алты вагон және үш қызмет көрсету класы бар. Бірінші класта – реттелетін жоғары жайлылықтағы креслолар, жеке үстелдер, жаңа баспа және борттық тамақтану. Екіншісінде – «комфорт плюс» деңгейіндегі ыңғайлы орындықтар; сусындар мен ыстық тағамдарды сатып алуға болатын буфет жұмыс істейді. Үшіншісі – ыңғайлы орындықтар, USB/Type-C зарядтау және велосипедтерге арналған орын. Құрамда үш класты алты кондиционерленген вагон бар, барлығы 374 орын. 1-класс – 86 орын, 2-класс – 116 орын, 3-класс – 172 орын. Барлық вагондарда ауа баптағыштар мен ыңғайлы жылжымалы басқыштар орнатылған. Билеттер 45 тәулік бұрын ашылады, бұл жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Демалушылар үшін тағы бір маңызды жайт: RixosBorovoe қонақтары үшін вокзалдан қонақ үйге дейін тегін трансфер ұйымдастырылған.  

– Астана – Бурабай бағытындағы бұрынғы құрамдарға қарағанда қандай техникалық ерекшеліктері бар?  

– Burabay Express-тің басты ерекшелігі – ол жолаушылардың түрлі артықшылықтарын ескереді. Бір құрамда бірінші, екінші және үшінші кластар бар, бұл әркімге жайлылық деңгейін таңдауға мүмкіндік береді. Пойыз Қазақстанда, Петропавлда жасалған, бұл да ерекше мақтаныш. Мұндай құрамдар Астана – Қарағанды, Астана – Көкшетау және Астана – Ерейментау бағыттарында жүруде. Бұдан басқа, электр пойызы заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Машинист өзінің пультінде барлық құрамның және әрбір вагонның техникалық жай-күйін жеке толық бақылайды.  

– Қозғалыс жиілігі қандай және маусымға байланысты кесте өзгере ме?  

– Бүгінде Burabay Express аптасына бес рет қатынайды – бұл біз өзгертуді жоспарлап отырған кесте емес. Ол бастапқыда Бурабайдың негізгі қонақ үйлеріне келу және шығу уақытымен сәйкес келетіндей етіп жасалған. Яғни кесте демалыспен біріктірілген: пойыз дәл туристерге келуге немесе нөмірді босатуға ыңғайлы болған кезде келіп, жөнелтіледі. Мұндай кесте қонақ үйлер мен біздің негізгі серіктестеріміздің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылды.  

– Қауіпсіздік пен жайлылық қалай қамтамасыз етіледі? Жаңа пойызда жұмыс істеу үшін персоналды оқыту жүргізіле ме?  

– Әрине, қауіпсіздік қашан да бірінші орында тұрады. Burabay Express машинистке де, ахуалдық орталықта да қолжетімді заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылған. Қажет болған жағдайда жолаушылар машинисті шақырудың арнайы түймешегін пайдалана алады, ол әрбір вагонда орнатылған. Машинист те өз пультінде барлық вагондардың техникалық жағдайын толық бақылай алады дедік, яғни штаттан тыс жағдайда тез әрекет етуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар бейнежетондар жүйесі қосымша енгізілуде: өткізгіштер онлайн-режимде олардың әрекеттерін тіркейтін құрылғылармен жабдықталады. Бұл бақылауды күшейтеді және сервис сапасын арттыру үшін пойыздағы жағдайды талдауға мүмкіндік береді. Барлық жолсеріктер міндетті сертификаттау курсынан өтеді және штаттан тыс жағдайлардағы іс-қимылдарға үйретуді қоса алғанда, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша рұқсаты болуы шарт. Ал қозғалысы шектеулі жолаушыларды ыңғайлы отырғызу және түсіру үшін арнайы көтергіштер қарастырылған. Сонымен қатар кеңейтілген санитарлық аймақ жабдықталған және ыңғайлы отырғызу үшін жылжымалы басқыштар орнатылған.  

– Сервисті цифрландыру бойынша жоспарлар қандай?  

– Пойызда қауіпсіздік ережелері мен сервистер туралы бейнероликтерді тарататын заманауи ақпараттық экрандар орнатылған. Басты жаңалық – Starlink технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу, ол барлық бағытта тұрақты Wi-Fi-мен қамтамасыз етеді. Жақын арада тамақтану сервисін қоса алғанда, жолдағы қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу енгізілетін болады. Біз әрине мұнымен шектеліп қалмаймыз, алдағы уақытта қала маңындағы тасымалдарды дамыту хаб жүйесі қағидаты бойынша құрылатын болады. Мұндай формат пойыздарды басқа да көлік түрлерімен – алыс жолға, автобустармен және авиациямен біріктіруге мүмкіндік береді.  

– «Қала маңы тасымалы» филиалының жетекшісі ретінде жауапкершілікті қалай сезінесіз?  

– Мен мамандықты саналы түрде таңдадым. Техникумды бітіргеннен кейін 18 жастан бастап жұмыс істеуге мүмкіндігім болды. Бүгінде «Қала маңы тасымалы» филиалын басқарамын. Электр пойыздарымен жүруді барынша ыңғайлы, жайлы және біздің жолаушыларымыз үшін қолжетімді ету жолында мүмкіндіктің бәрін жасау – ең алдымен басшы ретінде менің жауапкершілігім деп білемін.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты