Заманға сай білімді болу – уақыт талабы

Сұхбат
23.02.2018, 11:53
«Іс тетігін кадрлар шешеді» демекші, кез келген ұйымның табысты болуы персоналды дамытуына байланысты болмақ. Осы орайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттырып, персоналды дамытуға кешенді тәсілдемемен келу үшін барлық жағдайды жасауда. Десек те, теміржол саласы еңбеккерлерін оқыту, біліктіліктерін жетілдіру, жас мамандарды еңбекке баулу сияқты, тағысын тағы бағыттарда қандай нақты жұмыстар атқарылып жатыр? Бүгін осы сауалдар төңірегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Темір жол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығының» директоры Марал Марасиловпен әңгіме өрбіткен едік.   – Заманында Әбу Насыр Әл-Фараби: «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» деген екен. Ғасырлар өтсе де, ұлы ойшылдың сөзі өміршеңдігін жоғалтпай отыр. Қазір цифрлы технология қарыштап дамып, күн сайын жаңа бір нәрсе ойлап табылып жатқан мына заманда, темір жол саласы еңбеккерлерінің де заманауи білімді болуы – уақыт талабы. Осы ретте, сала қызметкерлерін жаңа біліммен сусындатып, білімдерін жетілдіруде Компания қандай іс-шара қабылдап отыр? – Иә, расымен персоналды басқару саласындағы қызметтің бір бағыты –  персоналдарды даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау болып табылады және де ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және кәсіби дамыту ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуда. Жыл сайын Компания тобындағы 30 000-нан астам еңбеккер оқытылып келеді, соның ішінде, өндіріс саласындағы 10 000-нан астам адам  230 темір жол мамандығы бойынша оқу орталықтарында білімдерін жетілдірсе, 17 000-ға жуық адам мамандандырылған, міндетті және сертификаттық бағдарламалар бойынша біліктіліктерін көтеруде, олардың арасында қаржылық-экономикалық блок, өндіріс қауіпсіздігін басқару, адами ресурстарды басқару, корпоративтік басқару, тағысын тағы блоктардың қызметкерлері бар. Ал Компанияның кадрлық резервін дамыту – дамудың жеке жоспарларына және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кадрлық резервінде тұрған қызметкерлерін оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Мәселен, жаңағы бағдарламаға сәйкес, кадрлық резервте тұрған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 60 қызметкері, нақты бір нәтижені көздеген, Компания құндылықтарына адал болу, ықпал ете білу, ынтымақтастық орната білу, жетекшілік, бизнес-жоспарлау құзыреттілігін дамытуға бағытталған, басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ал Орталық тарапынан Компания тобына қатысты HR үдерістерін іске асыру тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар шеңберінде коучинг, яғни оқыту мәдениеті мен оның элементтерін енгізу бойынша шаралар іске асуда. Айталық, 2017 жылдың екінші жартыжылдығында Компанияның 30 қызметкері үшін халықаралық Эриксон университетінің коуч-жаттықтырушыларын шақырта отырып, шеберлік сабақтары өтті. Тәжірибелі мамандар Компания қызметкерлеріне жалпы стратегияны құру барысында коучингтің базалық тәлім-тәсілдерін үйретті. Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасын таппақ. Ал өткен жылдың желтоқсан айында Орталық базасында «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті ұлттық әл-ауқат қоры тобындағы тренигтік және оқу орталықтарының қатысуымен «Корпоративтік оқудың заманауи трендтері» тақырыбында ақпараттық сессия өткізді. Осы шара барысында корпоративтік оқудағы қазіргі заманғы тренділер талқыланып, тәжірибе алмасылды, сондай-ақ, Microsoft ТМД өкілдерімен жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен қатар Орталық тарапынан Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының Глоссария жобасы шеңберінде темір жол тасымалы саласында кәсіби оқыту, даярлық мәселелері бойынша уақытша жұмыс топтары ұйымдастырылып, біліктілікті арттыру бағдарламасын өткізуге қатысты үлгілік форматты әзірлеуге және кәсіби оқыту мәселелері бойынша  ТЖЫҰ  Глоссариясын жасақтау бойынша ұсыныстар жасалды. – Марал Серікұлы, орталықтың аты айтып тұрғандай, темір жол көлігіндегі персоналды бағалау да сіздерге жүктелген міндеттер қатарынан. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтсеңіз... –Сала қызметкерлерінің білім-біліктілігін көтере отырып, олардың осы алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қалай пайдаланып, қандай нәтижеге қол жеткізіп жүргенін бағалау біздің орталық қызметінің бір бөлігі болып табылады. Өткен жылдың жұмыс қорытындысына сүйенсек, компания тобындағы заң және персоналды басқару қызметтерінің 490 қызметкеріне, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясының» Арнайы басқармасының Астана, Алматы, Павлодар, Ақтөбе қалаларынан 26 қызметкері аттестациядан өтті. Кадрлық қызмет қызметкерлерін аттестациялау қорытындысы бойынша, біздің орталық Адами ресурстарды басқару департаментімен бірлесе, Компанияның 589 қызметкері үшін еліміздің 15 қаласында филиалдар мен еншілес ұйымдардың еңбекақы мәселелеріне жауапты мамандары мен персоналды басқару жөніндегі қызметіндегілерге арналған практикалық тренингтер мен семинарлар өткіздік. Аттестацияны өткізу барысында Орталық қызметкерлері Компанияның еншілес ұйымдары мен филиалдарының 900 қызметкеріне арнап, кәсіби білім деңгейін анықтау үшін автоматтандырылған тестілеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар өткен жылы бағалау процедураларын өткізу үдерісін жетілдіру мақсатында орталықпен адами ресурстарды басқару саласында ахуалдық міндеттерді шешу  және 360 градус тәсілімен құзыреттілікті бағалау сауалнамасы автоматтандырылды. Сосын бірқатар қызметтерге  ауыстыру және жұмысқа алу  ережелеріне сәйкес 589 үміткер тестілеуден өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1912 еңбеккері құзыреттілікті бағалаудан өтсе, Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне жаңадан қабылданған 35 қызметкеріне 4 рет кіріспе тренингтер ұйымдастырылды. Тағы бір атап өтерлігі, 2016-2018 жылдарға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Іскерлік әдебі кодексін жүзеге асыруға қатысты шаралар жоспарына сәйкес Компанияның еңбек ұжымдарында моральды-психологиялық ахуалды анықтау бойынша, Іскерлік әдебі кодексінің негізгі принциптерін білу және түсінуге қатысты қызметкерлерге астоматтандырылған тестілеу жұмыстары жүргізілді. Сауалнама нәтижесі ұжым дамуының керемет деңгейін көрсетті, яғни 10 балдан 8,3 балл жинады. – Темір жол көлігі саласында нөмірі бірінші мәселе – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздіктің сақталуы көп жағдайда кадрлардың білім-біліктілігіне, өз жұмысын қаншалықты білетіндігіне байланысты болмақ. Осы тұрғыда қандай жұмыс жүргізілуде? – Бұл бағытта үлкен шаруалар атқарылып жатыр. Әсіресе, Астанадағы Ұлттық компания филиалдарының пойыздар қозғалысының қауіпсіздігімен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерін өз жұмыстарына қатысты тестілеуден өткізу жалғасын табуда. 2016 жылдан бері бес жүзден астам еңбеккер өз мамандығына қатысты тестілеуден өтті. Былтыр пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігімен байланыста жұмыс істейтін жұмысшыларға жаттығу сабақтарын өткізу үшін психофизиологиялық тренажер сатып алынды, ол жадыны, зейін салуды дамытумен қатар уақыт тығыз кезде, қандай да бір кедергілер болған жағдайда ақпаратты қабылдау тұрақтылығын сақтауға және өз әрекеті мен эмоциялық жағдайын бақылауға үйретеді.  Сонымен қатар өткен жылдың күз айларында психодиагностикалық    кешен (әрі қарай УПДК-МК) бойынша төмен нәтиже көрсеткен Компания филиалдарының 8 қызметкері тренажерда психологиялық даярлық курсынан өтті. Осы жаттығу сабақтарынан кейін 7 қызметкердің психофизиологиялық үдерістері көрсеткішінде оң динамикалық өсім байқалды. Жалпы тренажерларда сабақ тұрақты түрде өтіп тұрады. Атап өтетін бір жайт, бағалау жүйесі УПДК-МК Компанияның кең ауқымында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі деңгейіне адам факторының теріс әсерін төмендетуге толыққанды ықпал ете алмай отыр, неге десеңіз, УПДК-МК біреу және ол  Астана қаласында орналасқан. Сондықтан осыған ұқсас психодиагностикалық кешендерді аймақтық бөлімшелерге орнату қажет. Компаниядағы орталық аппарат қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау сапасын жақсарту мақсатында, біз Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе орталық аппарат қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерінің профильдерін жасадық. Ол қызметкерлердің ағымдық даму деңгейін анықтап, және де олардың құзыреттерін әрмен қарай жетілдіруге, сондай-ақ, қызмет сатысында өсулеріне қолдау көрсетуге қажет. Ал биыл Компанияның орталық аппараты қызметкерлері (Job matching) аттестациясынан өтеді, бірінші кезеңде қызметкердің құзыреті қаншалықты корпоративтік профиль және кәсіби құзыреттілікке сәйкес екені бағаланады. Бұл жерде өз қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері өздері бағалайтын болады. Мұндай бағалаудың әдіс-тәсілдері мен технологияларын білу үшін жетекшілер оқудан өтпек.   Естуімізше, орталық персоналды сертификаттау жобасын қолға алыпты. Осы  жоба туралы кеңірек айтып өтсеңіз ... – Иә, біздің тарапымыздан Персоналды сертификаттау орталығын құру бағытындағы жұмысымыз жалғасуда. 2017 жылдың маусым айында Фцкадр теміржол көлігі қызметкерлерінің, солардың қатарында техникалық және кәсіби білім алғандардың біліктілігін растау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін Мамандарды сертификаттау орталығының реестріне енгізілді. Ал 2017 жылдың 25 шілдесінде ҚазККА Ақмола колледжі түлектерінің топтары үшін «Электровоз машинисінің көмекшісі» біліктілігін растауға арналған пилоттық сертификаттау жұмыстары жүргізілді. Бағалау процедураларының қорытындысы бойынша түлектердің көбісі емтиханды сәтті тапсырып, өз біліктіліктерін растады. Сөйтіп, жаңағы түлектерге олардың кәсіби құзыреттілігін растайтын сертификаттар табысталды. Бұл сертификат үш жылға дейін өз күшінде болмақ. Сөз реті келгенде айтпағым, персоналды сертификаттау үдерісіне жұмылдырылған Орталықтың қызметкерлері, міндетті оқу курстарынан өтіп, «эксперт-аудиторлар» атағын алу үшін аттестацияланып, оны сәтті тапсырып шықты.  Бүгінде орталықтың ресурстары бар және ол персоналға тәуелсіз сертификаттау жұмыстарын жүргізу барысында қойылатын барлық талап үдесінен табылып отыр. Орталық «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстар шеңберінде персоналды сертификаттаудың жаңағы тәжірибесін басқа да теміржол колледждеріне қолдануды жоспарлап отыр, сондай-ақ, «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС-нен аккредитация алу бойынша жұмыстарды жалғастырмақ. Бұдан бөлек Орталық Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасына да қатысуда. Бұл жобадан күтілетін түпкі нәтиже – ол жоғарытехнологиялық өндірістер спецификасын ескере отырып, экономикалық өсудің перспективалы міндеттеріне жауап беретін, біліктіліктің заманауи жүйесін қалыптастыру. –Компания жастар саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып отыр. Осы ретте, жас мамандарды қолдауға қатысты қандай нақты шаралар қабылданған? –Қазақстан темір жолы жастар саясатын қолдаумен қатар жас мамандарды еңбекке баулуға, терең білім алуға мүмкіндігінше демеу жасап отыр.  Мәселен, мейлінше қабілетті  студенттерге көтермелеу мақсатында Компания президентінің атаулы стипендиясы  мен білім беру гранттары тағайындалған. Өткен жылы «Магистраль» бағдарламасы 20 грант және Компания президентінің 10 атаулы стипендиясы тағайындалды.  Өткен жылы ҚазККА Ақмола колледжінің  «Темір жолдың жылжымалы құрамдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында оқып жатқан 15 адамнан тұратын топ үшін дуальдық оқытудың экспериментальды түрін енгізу бойынша жоба аяқталды. Компания президентінің оң қарары негізінде темір жол көлігі оқу орындарының көптеген түлегі Компания кәсіпорындарына жұмысқа орналасты. Бүгінде Компанияның кадрлық әлеуетін ҚазККА-ның оқу үдерісіне тарту бағытында жұмыстар жалғасуда. Олар студенттерге лекция оқып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сараптамаларын жүргізіп келеді, диплом жұмыстарының тақырыптарын бекітеді, т.б жұмыстарды атқаруда. Жалпы «ҚТЖ» ҰК»АҚ мен ҚазККА арасындағы Ынтымақтастық меморандумына сәйкес екі мекеме арасында тығыз байланыс орнап, студенттер білім ордасында алып жатқан білімдерін темір жол кәсіпорындарында өндірістік тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігіне ие болып отыр. – Өткен жылдан бастап «Ішкі жаттықтырушылар» жобасы жүзеге аса бастағанын білеміз. Оның мақсаты не, нәтижесі қандай?        – Иә, Компанияда «Ішкі жаттықтырушылар» институты жұмысын жалғастыруда. Бұл жобаның мақсаты – темір жолдың өндіріс саласында тәжірибесі бар үздік мамандарды іріктеп, олардың білімдерімен бөлісу. Ішкі жаттықтырушыларды іріктеу байқауының қорытындысы бойынша Компанияның 60 қызметкері іріктеліп алынды. Олар шешендік өнер, аудиторияны басқару, презентациялық дағдыларды дамыту, тағысын тағы оқулардан өтті. Бұдан кейін ішкі жаттықтырушылар Компанияның 1000-нан астам қызметкерін оқытты. Жалпы, ішкі жаттықтырушылар жұмысына баға беретін болсақ, олар тар шеңберде мамандандырылған тақырыптарды терең  оқып, зерттеу тәжірибесі арқылы білім берудің тиімділігін арттырып отыр. Осыған орай, орталық тарапынан арнайы www.edutransport.kz сайты ашылған, онда Компания персоналын дамытуға қатысты барлық өзекті ақпараттар, өндірістік персоналдардың сабақ кестесі орналастырылған. Сонымен қатар сайт арқылы  білім беретін роликтер мен вебинарларды орналастыра отырып, электрондық оқытуды кезең-кезеңмен енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. – Сөз соңында алдағы күн жоспарларымен бөлісе кетсеңіз... – Алда атқарар шаруа көп. Оның бәрі жоғарыда атап өткен жұмыстарымызбен, жоспарларымен тығыз байланысты. Мәселен, персоналды кәсіби дамыту жоспарын іске асыру, өндірістік бағдарламаны орындау, сала қызметкерлерін аттестациялау, СЕО-2 и СЕО-3 деңгейі бойынша басшылардың жетекшілік әлеуетін бағалау бойынша шараларды ұйымдастыру, ішкі жаттықтырушыларға арналған оқыту бағдарламаларын жалғастыру, көлік саласында персоналдарды сертификаттауды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тағысын тағы шаруалар. Яғни, былтыр бастаған жобаларымыз, іс-шараларымыз биыл да жалғасын табатын болады. – Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Сұлугүл Бакесова

Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері
Жаңалықтар
26.11.2024
Ыстамбұлда ТХКБ дамуы талқыланды
Инфрақұрылым
26.11.2024
Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда
Аймақтар
26.11.2024
Күзет мамандары үш тілді қатар меңгеруде
Аймақтар
26.11.2024
Станция басшылары біліктілігін арттырды
Станция тынысы
26.11.2024
Аймақтың бағын ашқан алып құрылыс
Инфрақұрылым
26.11.2024
Жолдарды жаңғырту – жауапты мәселе
Жаңалықтар / Мұрағат
26.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №100 26 қараша 2024 жыл
Жаңалықтар
25.11.2024
ҚТЖ Хорватия серіктестерімен байланысты нығайтады
Жаңалықтар
25.11.2024
Белгісіз біреулер Көкпекті – Нұра аралығындағы жолдан бекітпе болттарды ұрлап кеткен
Аймақтар
25.11.2024
Ардагерлер алғысқа бөленді
Әлемде
25.11.2024
Alstom Израильге электровоздарды жеткізуді аяқтады
Спорт
25.11.2024
ҚТЖ құрамасы – чемпион!
Жаңалықтар
25.11.2024
Транскаспий дәлізі: Бакуден Сианға алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді