ТМД 2022 жылға арналған тариф саясатын бекітті
Оқуға 1 мин
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері теміржол әкімшіліктерінің 2022 жылға арналған тариф саясаты қабылданды. Бұл туралы ТМД елдерінің онлайн түрде өткізген 30-шы Тарифтік конференциясында айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Кездесуде тараптар келесі жыл үшін халықаралық бағыттарда қатынайтын жүк тасымалының жаңа тариф саясатын қабылдады. Қазақстан тарапынан құжатқа «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымал маркетингі жөніндегі атқарушы директоры Данияр Байғараев қол қойды.
Тариф саясаты 1996 жылы қазан айында ТМД елдері басшыларының кеңесі бекіткен Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің теміржол көлігіндегі тариф саясатымен келісілген тұжырымданың негізгі қағидаттарына сай жасалған.
Конференцияға қатысушылар соңғы алты жыл бойына Тариф саясаты істері басқармасының функцияларын атқаруда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлеріне алғыс айтып, олардың жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін атап өтті.
2022 жылы Тариф саясаты істері басқармасының функциялары Украинаның теміржол әкімшілігіне көшеді. Келесі Тарифтік конференция алдағы жылы қазан айында Молдова қаласында өтеді. Жаңа тариф саясатымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС сайтында танысуға болады.