Дағдыға айналдырмақ
Жаңалықтар
20.01.2017, 11:05
Маңғышлақ станциясының теміржолшылары еңбек қорғау тәртібін сақтауды дағдыға айналдыруы қажет.
Маңғышлақ станциясының бас инженері Бағыбай Исатаев осылай дейді. Оның ақпарынша, өткен жылы күндіз және түнгі уақытта, барлығы 56 тексеріс жүргізіліп, 19 қателік анықталыпты. Оның ішінде теміржолшылардың арнайы жұмыс киімін кимеу, қауіпті аймақта ұялы телефон қолдану, пойыз құрастырушылардың маневрлік жұмыс барысында жіберген қателіктері көп кездесіп отыр. Бас инженердің айтуынша, көрсетілген қателіктер сол мезетте қолға алынып, тиісті шаралар қолданылған. 6 теміржолшыға ескерту беріліп, 2-уіне қатаң сөгіс жарияланған . Сонымен қатар, мұндай қателіктердің алдын алу үшін техникалық сабақтар ұйымдастырылып, орын алған олқылықтар талқыланып, оларды қайталамау жолдары айтылған.
-Жұмыс орнында қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында өткен «Еңбекті қорғау және жұмыста жарақат алудың алдын алу» айлығы барысында станция басшыларының қатысумен кестеге сәйкес 11 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 3 кемшіліктің бәріне тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, 21 қараша мен 21 желтоқсан аралығында өткен «Теміржолда - ерекше қырағылық» айлығы аясында 4 тексеріс жүргізіліп, 6 кемшілік анықталды. Сөгіс беретіндеріне сөгіс, жаза беретіндеріне жаза тағайындалды,- деген бас инженер әрбір теміржолшы еңбек қорғау тәртібін сақтауды дағдыға айналдырғанша бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?