S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ұзақмерзімді рейтингін «ВВ» деңгейіне дейін көтерді, ал ұлттық шкала бойынша рейтингі – «kzA»-дан «kzA+»-ға дейін өсті. Болжам – «Тұрақты». Рейтингтердің жоғарылауы компания көрсеткіштерінің жақсаруымен байланысты. S&P Global Ratings-тегілер атап өткендей, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өткен жылы EBITDA-ны 348 млрд теңге көлемінде қамтамасыз ете отырып, коронавирус инфекциясына байланысты стрестік жағдайда тұрақтылықты көрсетті. Рейтингтік агенттік болжамдары бойынша, «Қазақстан темір жолы алдағы екі-үш жылда несиеге қабілеттіліктің қолайлы көрсеткіштерін паш ете отырып, атап айтқанда, ағымдағы мемлекеттік қолдаудың, жүк айналымының күтілетін қалыпты өсімінің және тарифтердің қолайлы көтерілуінің арқасында «FFO/борыш» қатынасы 12% жоғары деңгейде көрсететін болады».