Түлкібас –  Шымкенттің қақпасы

Жаңалықтар
20.01.2017, 19:05
1917 жылы салынған Түлкібас темір жол вокзалына келер жылы бір ғасыр толады.  Облыс аумағына кірер қапа сынды станцияны былайғы жұрт, әсіресе пойызбен жолаушылайтын халық  алманың отаны деп таниды. Рас, шелек-шелек алма көтерген жергілікті халық келген-кеткен жолаушы пойыздарына алып шығады. Сондықтан,  жұпыны ғана вокзалы бар станциядан түсіп, Түлкібастың иісі бұрқыраған алмасын сатып алмаған жан кемде кем шығар. Шағын болса да сүйегі мықты ғимарат ғасыр өтсе де сыр бермей тұр. Жүз жыл бұрын тұтқында жүрген австриялықтар мен поляктардың қолымен тастан қашалып тұрғызылған вокзал қабырғасының қалыңдығы 1 метрге жетеді.  Жаңаласа әлі талай жылға жететін түрі бар. Сегіз жылдан бері вокзал шаруасына жауапты Бауыржан Рысқұлбекұлы кезінде  Түркістаннан кейінгі жөнделетін вокзалдың бірі Түлкібас болатын, қаржының қысқаруына байланысты жасалмай қалды дейді.    – Вокзал 2014 жылдан бері ұлттық компанияның меншігіне өтті. Бұйырса 2017-2018 жылы жөндеу жүргізіледі деп күтіп отырмыз. Заманауи ана мен бала,  мүгедектер бөлмесі үлкен қалаларда ғана бар. Бірақ, халық саны өсіп жатқан біздің ауданға да керегі болады. Өйткені жұп күндері 28, тақ күндері 32 жұп пойыз жүреді. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызынан басқа жолаушылар пойызының бәрі тоқтайды. Қыста күн сайын 200-250, ал жазда 300-350 жолаушы билет алады. Вокзалдан келіп мініп, осы жерден түсетіндерді қосқанда тәулігіне 500-ден аса жолаушы келіп-кетеді, -  дейді вокзал бастығы. Бүгінде вокзалдағы жүк сақтайтын қойма шатырынан жауын-шашынды күндері су ағатындықтан қолданылмай тұр екен. Жолаушылар жүктерін затын алуға өткізетін орын таппай, қолайсыздық та туындап жататынны шындық дейді.  Он бес шақты вокзал қызметкерлері күні-түні жолаушыларға қызмет көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Түлкібас

Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі