Қазақстан мүмкіндіктері таныстырылады
Жаңалықтар
20.01.2017, 19:49
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Давосте өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қазақстандық делегацияны басқарып барып, онда Қазақстанның инвестициялық және көліктік хаб ретіндегі мүмкіндіктері туралы тұсаукесер өткізуі жоспарланған.
Сонымен қатар, қазақстандық делегацияның әлемнің технологиялық саласының танымал тұлғалары қатысқан «Төртінші индустриялдық революцияға дайындық» тақырыбындағы форумның панельдік сессиясына қатысуы көзделген. Сессияға қатысушылар төртінші индустриялдық революцияға қалай дайындалу керектігі, ол қазіргі жұмыс орындарына қалай ықпал етпек және жалпыға бірдей кіріс базасына қалай қарау керек сияқты мәселелерді талқыға салмақ.
Форум алаңында инвестиция саласында ісі оңға басқан бірқатар шетелдік компаниялармен және ұйымдар басшыларымен, өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізу межеленген. Олардың арасында, инвестиция, өнеркәсіп, жер қойнауы байлығы, химия салаларында жұмыс істеп жүрген «Enerco Distribuzione», «Glencore», «Siemens», «Evonik», «AirSpan», «Sun Group», «Vedanta Resources», «CRRC», «IC Ibrahim Cecen Yatirim A.S.», «Koc Holding» сияқты Қазақстанда қазірдің өзінде жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе жоспарлап отырған компаниялар бар.
Бұдан бөлек, форум аясында «Капитал нарығын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тарту» және «Жібек жолы тиімділігі» сессиялары өтпек, мұнда Жеңс Қасымбек бастаған топ Қазақстанның инвестиция және көлік хабы ретінде көптеген елге мүмкіндік ашатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп, әңгімелеп бермек.
Ислам ТАЛҒАТ
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі