- "Қазақстан темір жолы" азаматтық қорғау бөлімшелерін жасақтау және дайындау бойынша қабылданып жатқан шаралар маңызды мемлекеттік міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Батыр Котырев.
ҚТЖ бөлімшелері ТЖ жоюда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша жоғары дайындығын көрсетті
Оқуға 1 мин
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы өткізілген республикалық және халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ бөлімшелерінің азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Компания бас инженері Батыр Котыревтің басшылығымен "ҚТЖ "ҰК" АҚ азаматтық қорғау құрылымдары өздерінің техникалық мүмкіндіктері мен кәсіби құзыреттерін көрсетті. Осы дағдылар мен білімдердің барлығы теміржолшыларға ТЖ жағдайында жедел және сауатты әрекет етуге мүмкіндік береді.
Теміржолшылар әбден жетілдірілген жедел ден қою шараларын және уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының үйлесімділігін көрсетті. Ең бастысы-төтенше жағдайлар мен соғыс уақытында адамдардың қауіпсіздігін және теміржол көлігінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.