"ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының трансформациялау және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары Әнуар Ахметжанов бастаған қазақстандық теміржолшылар Минск қаласында «Беларусь темір жолы» МҰ-дағы (БТЖ) әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Сапардың мақсаты-өндірістік қызметтегі озық технологиялар, тасымалдау үдерісін автоматтандыру және инфрақұрылымды дамыту саласындағы ҚТЖ мен БТЖ арасында тәжірибе алмасу.
  «Ортақ мемлекеттік шекараның жоқтығына қарамастан, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «БТЖ» МО ынтымақтастығы жыл сайын нығайып келеді», - деп атап өтті Әнуар Ахметжанов.
Қазақстандық теміржолшылар «БТЖ» МО тасымалдауды басқару орталығына (ТБО), Минск-Сортировочный станциясының Желілік көлік қызметін көрсету орталығына, «БТЖ» МО ғылыми-техникалық ақпарат орталығына, Минск-Пассажирский станциясының вокзал кешеніне, Беларусь темір жолының Степянка станциясына барды. Беларусь теміржолшылары тасымалдау процесін басқаруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді дамытудың перспективалық бағыттары, сұрыптау станциясының жұмысы, ақпараттық-анықтамалық және төлем терминалдары және т. б. туралы айтып берді. Қазақстан мен Беларусь теміржолшылары коммерциялық жұмысты жетілдіру, қағазсыз құжат айналымы және тасымалдау тиімділігін арттыру саласында одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.